ИРЛАНД ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТТЕРІНДЕГІ FAMILY/ ОТБАСЫ КОНЦЕПТІСІ АЯСЫНДАҒЫ «ӘКЕ», «АНА» МИКРОКОНЦЕПТТЕРІНІҢ КОГНИТИВТІК СИПАТЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.024Кілт сөздер:
отбасы концептісі, микроконцепт, мәдени репрезента-ция, ирланд мәдениеті, қазақ мәдениеті, көркем мәтін, әке, ана, когнитивтік сипатыАннотация
Мақала ирланд және қазақ мәдениеттеріндегі Family/ Отбасы концептісінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылатын әке және ана микроконцепттерінің көркем мәтіндегі репрезентациясын салыстырмалы-когнитивтік тұрғыда талдауға арналған. Зерттеу көркем әдебиетті ұлттық дүниетаным мен мәдени жадтың концептуалдық көрінісі ретінде қарастыруға негізделеді.
Зерттеу нысаны ретінде Н. Уильямстың «History of the Rain» романы (әке микроконцептісі) және Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» романы (ана микроконцептісі) алынды. Зерттеу барысында концептуалдық-когнитивтік талдау, көркем мәтінді интерпретациялық талдау және салғастырмалы әдіс қолданылды.
Зерттеудің мақсаты – ирланд және қазақ көркем шығармалары материалында «әке» және «ана» микроконцепттерінің когнитивтік құрылымын, мағыналық өзегін және Family/Отбасы концептісіндегі қызметін айқындау. Зерттеудің міндеттері: Н. Уильямстың «History of the Rain» романындағы әке микроконцептісін және Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» романындағы ана микроконцептісін талдау; олардың мағыналық, когнитивтік және символдық белгілерін айқындау; екі мәдениеттегі әке және ана бейнелерінің FAMILY/ОТБАСЫ концептісін қалыптастырудағы рөлін анықтау; алынған нәтижелер негізінде ирланд және қазақ мәдениеттеріндегі отбасы концептісінің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін тұжырымдау.
Талдау нәтижелері ирланд көркем мәтінінде әке микроконцептісінің интеллектуалдық мұра, мәдени-рухани жад және тұлғалық өзін-өзі танудың негізгі өзегі ретінде репрезентацияланатынын көрсетті. Әке бейнесі кітап, білім, тарих, өзен сияқты символдық құрылымдармен байланыста концептуалданады. Ал, қазақ көркем мәтініндегі ана микроконцептісі тіршілікті сақтау, рухани беріктік, тұрмыстық тұрақтылық пен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін аксиологиялық өзек ретінде танылады. Ана бейнесі жылылық, төзім, қамқорлық пен мәдени жадты жалғастыру функцияларымен сипатталады.
Зерттеу қорытындылары әке және ана микроконцепттерінің екі мәдениетте Family/Отбасы концептісінің мағыналық өзегін құрағанымен,
олардың функционалдық және символдық басымдығы әртүрлі екенін дәлелдейді: ирланд мәдениетінде рухани-интеллектуалдық ось ретінде әке моделі алға шықса, қазақ мәдениетінде бұл рөлді ана бейнесі атқарады.
Зерттеудің ғылыми құндылығы Family/Отбасы концептісінің мәдени-когнитивтік табиғатын микроконцепттер деңгейінде нақтылап, көркем мәтін арқылы мәдени айырмашылықтарды жүйелі түрде сипаттауында көрінеді. Мақаланың практикалық маңызы нәтижелерді когнитивтік лингвистика, әдебиеттану және лингвомәдениеттану курстарында пайдалануға мүмкіндік беруімен анықталады.





