БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫНДАҒЫ АУДАРМА САПАСЫН БАҒАЛАУ

Автор(лар)

  • Жумалиева Ж.К. Казахский университет международных отношений и мировых языков
  • Ислам А.И.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.038

Кілт сөздер:

ілеспе аударма, баспасөз мәслихаты, сапаны бағалау, сыни дискурс талдауы, аудармашы, бұқаралық ақпарат құралдары, журналист, үш тілді контекст

Аннотация

Бұл зерттеу ресми баспасөз мәслихаттарындағы, жергілікті және шетелдік БАҚ арқылы ақпарат тарату үшін өте маңызды коммуникативті жағдаят барысындағы ілеспе аударманың сапасын бағалауға арналған. Зерттеудің мақсаты - баспасөз мәслихаттары контекстінде ілеспе аударманы бағалаудың ұсынылған Ву моделінің қолданылуын анықтау және оның сапасына әсер ететін факторларды талдау. Қазақстандағы президенттік баспасөз мәслихаттарының лингвистикалық және дискурсивті ерекшеліктерін анықтау үшін Фэрклоның 3D дискурс-анализі қолданылады. Зерттеудің эксперименттік бөлігіне арналған деректерді алу үшін әртүрлі дереккөздердегі аударма тіліндегі мәтіннің салыстырмалы талдауы қолданылады. Зерттеу эксперименті зерттеуге қатысушылардың бағалау парақтарынан жиналған деректерді талдауға негізделген. Нәтижелер аудармашының негізгі қабілеттері мен аудиторияның қабылдауы арасындағы сәйкессіздіктерді, сондай-ақ есту қабылдау диапазоны мен тілдердің синтаксистік айырмашылықтары әсер ететін аудару жылдамдығындағы мәселелерді көрсетеді. Зерттеу аудармашылардың сапасын бағалаудың жоқтығы бағалау критерийлерінің стандарттарын әзірлеу қажеттігін көрсетеді. Зерттеудің құндылығы аударма теориясы мен практикасы арасындағы алшақтықты жоюға үлес қосады. Практикалық маңыздылығы жоғары қысым жағдайлардағы негізгі проблемаларды көрсету арқылы жоғары сапалы аударманы қамтамасыз ету үшін кәсіби стандарттардың қажеттілігін атап өтумен анықталады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-07-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles