СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОНОЛИНГВ ЖӘНЕ БИЛИНГВ БАЛАЛАРДЫҢ УӘЖДЕЛГЕН ҚАЗАҚ ЛЕКСИКАСЫН ТҮСІНУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.012Кілт сөздер:
балалар метасөйленімдері, уәждемелік рефлексия, сөзді түсіну стратегиясы, монолингв, билингв, қазақ тілі, тілдік ерекшелік, респондентАннотация
Мақалада лексикалық уәждеме теориясы аясында балалардың сөйлеу тілін психолингвистикалық эксперименттік зерттеу тәжірибесі сипатталады. Қазақстанның солтүстік өңірінде тұратын 5 жастан 10 жас аралығындағы қазақ монолингв және қазақ-орыс билингв балалардың қазақ тілінің уәжделген лексикасын түсіну стратегиялары басты назарға алынды.
Жұмыстың өзектілігі сөздің дыбыстық формасы мен оның мағынасы арасындағы байланысты орнату қабілеті ретінде түсінілетін балалардың уәждемелік рефлексиясын зерттеу қажеттілігімен анықталады. Балалардың бұл қабілеті лингвокогнитивті ойлау, танымдық белсенділік, коммуникативтік құзыреттілікті және оқу іс-әрекетінің сәттілігін дамытудың маңызды факторы ретінде қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты – психолингвистикалық эксперимент деректері негізінде қазақ тілінің лексикалық бірліктерін түсіну стратегияларын анықтау және сипаттау, сондай-ақ балалардың жас ерекшеліктерін және олардың монолингв немесе билингв (қазақ/қазақ және орыс тілдері) тілдік тәжірибесінің сипатын ескере отырып, осы стратегияларды қолданылуына салыстырмалы талдау.
Зерттеу сұрақтары моно- және билингвалды респонденттердің қазақ тілінің лексикалық бірліктерін түсіну стратегиясын анықтау; стратегияларды сипаттау; балалардың жас ерекшелігіне және тілдік тәжірибесінің сиипатына қарай қолданатын стратегияларын саралау; стратегияларға салыстырмалы-статистикалық талдау жасау.
Зерттеудің эмпирикалық қоры ретінде сөздің уәжділігін танытатын 893 баланың вербалды реакциялары болып табылатын метасөйленімдері алынды. Жұмыста психолингвистикалық, сипаттамалық, статистикалық және салыстырмалы-уәждемелік әдістер кешені қолданылды.
Талдау нәтижесінде балалардың сөйлеу тіліндегі уәжделген сөздерді қабылдау, түсіндіру және семантикалық қайта құру ерекшеліктерін көрсететін 12 стратегиясы анықталды және сипатталды. Монолингв мен билингв респонденттердің стратегияларды іске асырудың жалпы заңдылықтары да, өзіндік ерекшеліктері де анықталды.
Жалпылық 5-6, 7-8 және 9-10 жастағы балалардағы уәждемелік рефлексиясының жас динамикасында көрінеді, бұл тілдік бағдарлау стратегияларының жиілігінің өсуімен расталады.
Анықталған айырмашылықтар монолингв балалардың жалғыз дұрыс интерпретацияға бағытталған өнімді және вариативті жауаптарды жиі қолданатынын көрсетеді, ал билингвтер әртүрлі стратегияларға жүгінеді, көбінесе сөздің ішкі формасын түрлі сегменттері арқылы түсінеді, екі тілдің элементтерін салыстырады және окказионалдық мағыналарды қалыптастырады. Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңызы – психолингвистикалық экспериментте қол жеткізген нәтижелер балалардың сөйлеу тілінің дамуы туралы түсініктерді кеңейтеді және моно- және билингвалды ортада қазақ тілін оқытудың ғылыми зерттеулері мен практикасында пайдаланылу мүмкіндігін туғызады.





