ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНДЕГІ «ЖОЛ» КОНЦЕПТІНІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

Автор(лар)

  • Жамансариева Е.А. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
  • Отарбекова Ж.К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.010

Кілт сөздер:

авторлық ертегілер, дәстүрлі ертегілер, «жол» концепті, трансформация, фрейм, сценарий, хронотоп, архетип

Аннотация

Когнитивтік лингвистика тілдік бірліктер арқылы ұлттың когнициясы мен дүниетанымын көруге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, «жол» тек физикалық кеңістік қана емес, сонымен қатар мифопоэтикалық және когнитивтік мағынаға ие күрделі құрылым. Бұл зерттеудің мақсаты - дәстүрлі және қазіргі  қазақ ертегілеріндегі «жол» ұғымы сабақтастығы мен трансформациясын анықтау және когнитивтік әдістерді қолдана отырып ұлттық кодтың сақталу деңгейін сипаттау. Зерттеудің  негізгі бағыттары ұлттың дүниетанымын, мифопоэтикалық қызметін және «жол» концептінің ұлттық құрылымдарын анықтауға бағытталған.

Зерттеудің нысанында дәстүрлі қазақ ертегілерінен төрт ертегі («Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Алтын сақа», «Аяз би») және қазіргі қазақ ертегілерінен бес ертегі («Жиһанкез Тити», «Робот пен Алтын сақа», «Смартфонға түсіп кеткен қыз», «Күннің тоғыз баласы», «Томирис пен Нарқызыл») іріктеліп алынады. Әдіснамалық негіз ретінде ертегілік дискурстағы жолдың қалай сипатталатынын анықтау үшін сценарийлік талдау мен фреймдік талдау қолданылады. Жол концепті бастау, кеңістік, кедергі, көмекші және мақсат сияқты тұрақты слоттары бар фреймдер, сондай-ақ бастау – кедергі – көмекші – межеге жету  – мақсат кезеңдерінен тұратын сценарийлер арқылы сипатталады.

Зерттеу нәтижелері «жол» концептінің көпқабатты трансформацияға ұшырағанын көрсетеді. Физикалық деңгейде «жол» кейіпкердің қозғалыс кеңістігі, тәжірибе алаңы болса, когнитивтік деңгейде «жол» тек физикалық кеңістік пен рухани сынақ қана емес, жеке тұлғаның ішкі дамуы мен әлеуметтік тәжірибесін модельдейтін сценарийлік құрылым ретінде көрініс табады. Мифопоэтикалық деңгейде «жол» сакралды кеңістік, халықтың ұжымдық жады мен көшпелі тағдырының шифры.

Зерттеудің қорытындысы қазақ халық ертегілеріндегі «жол» ұғымының тарихи сәйкестігін және оның қазіргі замандағы дамуын анықтап, мәдениеттің сабақтастығындағы рөлін көрсетеді. «Жол» концептін когнитивтік және мифопоэтикалық тұрғыдан жүйелі түрде сипаттау зерттеудің құндылығын арттырады. Алынған нәтижелер когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану және фольклортану салаларындағы теориялық зерттеулерді толықтырып, корпустық талдаудың әдіснамалық негізін қалыптастыруға үлес қосады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-07-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles