С. ЖҮНІСОВТІҢ «ЗАМАНАЙ МЕН АМАНАЙ» ПОВЕСІНДЕГІ «УАҚЫТ» КОНЦЕПТІСІН РЕПРЕЗЕНТАЦИЯЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.030Кілт сөздер:
концепт, концептосфера, репрезентация, философиялық аспект, ұлттық-мәдени код, психологиялық аспект, семантикалық модельдер, автордың дербес пайымдауыАннотация
Универсалды концептілер белгілі бір этностың санасында қалыптасқан философиялық, ұлттық-мәдени және психологиялық қырларды бейнелейді және олар тілдік құралдар арқылы көрініс табады. Лингвокогнитология лингвистиканың жаңа бағыты ретінде аталған қырларды фразеологизмдер, шағын фольклорлық жанрлар мен көркем шығармалар материалдары негізінде зерттейді. Мақаланың өзектілігі тарихи повестердегі этностың мәдени құндылықтарын ғылыми талдау арқылы жеткізунін қажаттелігін айқындайды. Бұл еңбектің мақсаты – С. Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесінде көрініс тапқан қазақ халқының тілдік дүниетанымындағы «уақыт» концептісінің өзіндік ерекшеліктерін айқындау. Зерттеу барысында семантикалық модельдерді жіктеу әдісі, сондай-ақ мәдени-тарихи, сипаттамалы әдістер және пәнаралық синтез әдісі қолданылды. Мақалада «уақыт» концептісінің денотативтік және коннотативтік реңктері талданады. Көркем шығармада айқын коннотативтік мәнге ие этномаркерленген «заман» лексемасы ерекше қызығушылық тудырады. Авторлар повестегі «уақыт» концептісінің семантикалық модельдерін жіктеп, С.Жүнісовтің концептіге қатысты өзіндік пайымын анықтады. Мақаланың ғылыми жаңалығы С. Жүнісов шығармасындағы «уақыт» концептісінің жүйелі түрде зерттелуімен және оны қазақ халқының болмыс жағдайларымен айқындалатын ұлттық-мәдени кодты көрсететін ментальді бірлік ретіндегі лингвокогнитивтік зерттеулердің жалпы арнасына енгізуімен сипатталады. Зерттеудің теориялық маңызы – «уақыт» концептісі теориясын тереңдетуінде, бұл болашақта универсалды концептілерді зерттеуге негіз бола алады. Практикалық маңызы – мақаланың негізгі тұжырымдарын лингвистика, этнолингвистика, социолингвистика, қазақ тілі, Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, мәдениеттану және басқа да пәндерді оқыту барысында қолдану мүмкіндігінде. «Уақыт» концептісін қазақ халқының болмысы мен санасының универсалиясы ретінде кешенді зерттеу нәтижелері қазақ концептосферасын зерделеуге өз үлесін қосады.





