«ТОРҒАЙ» ГАЗЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚ АҢЫЗДАРЫ

Автор(лар)

  • Макатова А.А. А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Абсадык А.А.
  • Тасмагамбетова З.Ж.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.015

Кілт сөздер:

Торғай газеті, аңыз, мерзімдік басылым, қазақ фольклоры, жазба фольклор, тарихи аңыздар, топонимикалық аңыздар, жер-су атаулары

Аннотация

Тургайская газета («Торғай» газеті) - қазақ халқының фольклорлық мұрасын орыс тілінде тұрақты түрде жариялаған алғашқы басылымдардың бірі. Басылым халық шығармашылығының аңыз-әңгімелеріне де ерекше ден қойды. ХІХ ғасырдың орта шенінен бастап патшалық Ресейдің академиялық ортасы империя құрамына кірген қазақ халқының тарихын ел аузындағы аңыз-әңгімелер арқылы тануға ұмтылды.

Зерттеу мақсаты – «Торғай» газетінде жарыққа шыққан қазақ аңыздарын талдау және талданған аңыздардың қазақ фольклортану ғылымында алатын орнын зерделеу.

Негізгі бағыты мен идеялары - «Торғай» газетінің 1895-1896 жылдары, яғни басылымның алғашқы жылдарында жарыққа шыққан аңыздардың тарихы мен жанрлық табиғатына талдау жүргізіп, олардың өзіне тән ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу міндеттеріне сәйкес жалпы ғылыми әдістер (салыстыру, талдау және синтез) және арнайы талдау әдістері (жанрлық талдау мен лексикалық талдау) әдістері қолданылды. Аңыз теориясы мен оның тақырыптық зерттелу деңгейін саралау мақсатында отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектеріне шолу жасалынды.

Зерттеу құндылығы – «Торғай» газетінде жарияланған аңыздық мәтіндердің басым көпшілігі жанрлық тұрғыда тарихи аңыздар мен топонимикалық аңыздар қатарынан орын алады. Бұл мәтіндер отарлаушы елге қазақ халқының тарихын және игерілетін жаңа жерлердің жер-су атауларын танып білуге қызмет жасады.

Практикалық маңызы - басылым бетінде жарияланған аңыздарға авторлық позиция тұрғысынан тақырыптық-идеялық талдау жүргізілді. Жазба дереккөз ретінде «Торғай» газетінің қазақ фольклор жанрының бірі аңыздарды жинақтау мен зерттеудегі орны айқындалды. Газет бетінде жарияланған фольклор үлгілері, соның ішінде аңыздар қазақтың тарихы мен этнографиясын, фольклорын, халықтың болмысы мен дүниетанымы жайында маңызды ақпараттар жинайды.

Негізгі нәтижелері мен қорытындылары – «Торғай» газетінен теріп алынған мәтіндер тарихи аңыздар мен топонимикалық аңыздар топтарына жіктелінді. Торғай газетінен 4 аңыз мәтіні, соның ішінде 2 тарихи аңыз бен 2 топонимикалық аңыз үлгілері және аңыздың құрылымы мен мазмұны талданған 1 мақала мәтіні қарастырылды. Сонымен қоса, аңыздарды жариялаушы яки жинақтаушы авторлардың есімдері жинақталды. Мақалада талданатын фольклорлық аңыз үлгілері – фольклортану ғылымы саласының дамуына үлес қосатын зерттеулердің бірі.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles