ОРХАН ПАМУК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ОҚЫРМАНЫ: «МЕНІҢ АТЫМ ҚЫРМЫЗЫ» РОМАНЫНЫҢ РЕЦЕПЦИЯСЫ

Автор(лар)

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.036

Кілт сөздер:

роман рецепциясы, оқырман интерпретациясы, қазақ тілді пікірлер, тәуелсіздік кезеңі, түрік прозасы, аударма сапасы, нарративтік көпдауыстылық, әлеуметтік желідегі оқылым дискурсы

Аннотация

Бұл мақалада Орхан Памуктың Менің атым Қырмызы романының тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ тілді оқырман кеңістігіндегі қабылдануы рецепция теориясы аясында талданады. Зерттеудің өзектілігі Қазақстанда әлем әдебиетін аударма арқылы оқу тәжірибесінің кеңеюімен, түрік әдебиетіне қызығушылықтың артуымен және әлеуметтік желілердегі оқырман қауымдастықтарының қалыптасуымен байланысты. Роман көпдауыстылыққа құрылған күрделі нарративімен, Осман дәуірінің мәдени-тарихи кодтарын, миниатюра эстетикасын және Шығыс пен Батыс дүниетанымдарының қақтығысын көркем модельге айналдыруымен ерекшеленеді. Сондықтан мәтіннің мәні әр оқырманның күту көкжиегіне, мәдени тәжірибесіне және оқу стратегиясына қарай әртүрлі іске қосылады.

Зерттеудің мақсаты қазақ оқырманы романды қалай қабылдайтынын, қандай эмоциялық және эстетикалық реакциялар басым екенін, түсіну мен бағалау қай факторларға тәуелді болатынын анықтау болды. Материал ретінде әлеуметтік желілер мен пікір алаңдарында жарияланған қазақ тіліндегі оқырман пікірлері алынып, контент-талдау, тематикалық және семантикалық талдау тәсілдері қолданылды. Талдау нәтижелері романды қабылдаудың полярланатынын көрсетті: бір топ оқырман мәтінді ауыр, түсінуге қиын, оқуды тоқтатуға мәжбүр ететін шығарма ретінде бағаласа, екінші топ оны ерекше стильге ие, әсерлі, интеллектуал ләззат сыйлайтын туынды ретінде қабылдайды. Қиын қабылдаудың негізгі себептері ретінде көпдауыстылық пен баяндау күрделілігі, мәдени-тарихи контексттің қабаттылығы және аудармаға қатысты қанағаттанбаушылық аталады. Оң қабылдау романдағы эстетикалық жаңалықты, өнер дискурсын, атмосфера мен сюжеттік тартымдылықты жоғары бағалаумен, сондай-ақ мәтінді қайта оқып, түсінікті тереңдетуге ұмтылумен сипатталады. Қорытындыда романның қазақ оқырманы арасындағы рецепциясы қазақ-түрік әдеби байланысының оқырмандық деңгейде нығаюын көрсететін маңызды көрсеткіш екені дәлелденеді және болашақта аударма сапасы мен кәсіби сын дискурсын қатар қарастыра зерттеу қажеттілігі ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles