«ОРЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКАСЫ» КУРСЫНА ЛЕКСИКОГРАФИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.019Кілт сөздер:
қазақ ономастикасы, топонимдер, өңірлік компонент, тілдік мұра, мәдени жады, этимологиялық талдау, этимон, метафораАннотация
Мақала қазақстандық ономаст-ғалым, филология ғылымдарының докторы В.Н. Попованың ғылыми зерттеулер нәтижелерін жоғары оқу орнының оқу үдерісіне енгізуге арналған. Ғалымның зерттеу стратегиялары мен әдіснамалық ұстанымдары туған өңірдің тарихи-мәдени контекстін терең түсінуге елеулі үлес қосады. Тақырыптың өзектілігі қазіргі Қазақстанның ономастикалық мұрасын білім беру кеңістігіне енгізудің қажеттілігімен айқындалады. Бұл интеграция 6В01705 «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасының студенттеріне оқытылатын «Орыс және қазақ ономастикасы» атты элективті пән арқылы жүзеге асырылады.
Зерттеудің мақсаты: студенттердің өңір топонимиясы жөніндегі ономастикалық білімдерін қалыптастырудың негізі ретінде қазақ және орыс географиялық атауларын талдау. Мақсатқа сәйкес келесі міндеттер айқындалды: географиялық атаулардың номинация принциптерін негіздеу; органолептикалық топонимдерді сипаттау; түстік компоненті бар топонимдердің ерекшеліктерін айқындау. Зерттеудің деректік негізін географиялық атаулар сөздіктерінен, ономастика мен топонимика бойынша анықтамалықтардан алынған лексикографиялық деректер, сондай-ақ В.Н. Попованың мұрағаттық материалдары құрайды. Зерттеудің жаңалығы топонимдерді лингвомәдени тұрғыдан сипаттаумен, олардың құрамындағы метафоризация мен символизм құбылыстарын анықтаумен байланысты. Функционалдық-типологиялық әдіс атаулардың номинативтік және дескриптивтік қызметтерін ашуға, олардың семантикасын, типологиясын, этимологиясын айқындауға, сондай-ақ қолданылу ареалын ескере отырып, топонимдік мазмұнды құрылымдауға мүмкіндік береді. Эмпирикалық материалды кешенді сипаттау тарихи, лингвистикалық, статистикалық және социологиялық әдістердің қолданылуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Авторлар географиялық нысандардың номинация үдерістерінің теориялық маңыздылығына және олардың мәдени-тарихи контекстегі рөліне назар аударады, сондай-ақ ұсынылып отырған материалды білім беру үдерісіне енгізудің өзектілігін айқындайды. Мақалада этнолингвистика саласындағы кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға, зерттеу дағдыларын дамытуға, далалық эксперименттер жүргізу, картотека құрастыру, топонимдерді салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыдан сауатты сипаттау сияқты кәсіби құзыреттерді жетілдіруге бағытталған күтілетін оқу нәтижелері тұжырымдалады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы кейс-стади форматындағы материалдардан бастап ғылыми жобаларға дейінгі әдістемелік құралдарды әзірлеумен байланысты болуы мүмкін. Бұл ономастика ғылымының мазмұндық қырын ғана емес, сонымен бірге оның өңірлік бағдарланған және ғылыми тұрғыдан негізделген сипатын айқындайды.





