МО ЯННЫҢ «ӨМІР МЕН ӨЛІМ АЗАБЫ» РОМАНЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛДІҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ: МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ АУДАРМАЛЫҚ ТАЛДАУ

Автор(лар)

  • Дәнкей Б. КазУМО иМЯ им.Абылай хана
  • Талғатқызы Г.
  • Джельдыбаева Р.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.033

Кілт сөздер:

роман, шығарма, идиома, қытай тілі, жергілікті тіл, ұлттық код, семантика, көркем мәтін

Аннотация

Қытайдың көрнекті жазушысы Мо Ян шығармашылығы, әсіресе «Өмір мен өлім азабы» романы қытай қоғамындағы тарихи-әлеуметтік өзгерістердің көпқабатты сипатын және ауылдық кеңістіктің күрделі болмысын ұлттық-тілдік дүниетаным арқылы көркем бейнелеуімен ерекшеленеді. Роман композициясында көрінетін аллегориялық қайта туу, буддистік және мифологиялық таным элементтері, сондай-ақ халықтық тілдік материалдардың мол қамтылуы мәтіннің көркемдік құрылымын тереңдетіп, оны философиялық-антропологиялық деңгейге көтереді. Қайта туу идеясы кейіпкер тағдырын бір ғана уақыт шеңберінде тұйықтамай, ұрпақ ауысуы мен тарихи кезеңдердің сабақтастығын, кінә-жаза, өмір-өлім, әділет-қиянат тәрізді іргелі бинарлық оппозициялардың үздіксіз қозғалысын көрсетуге мүмкіндік береді. Романдағы диалект сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, тұрмыстық-экспрессивті лексика, сондай-ақ халықтық өлең-жыр үлгілері шығарманың ұлттық болмысын танытатын негізгі тілдік-мәдени тетіктер ретінде арнайы талдауды қажет етеді.

Зерттеудің мақсаты – шығармадағы жергілікті ауызекі тіл бірліктерінің (диалект сөздер, идиомалар мен тұрақты тіркестер, эмоционалды-экспрессивті лексемалар, халықтық жырлар) мәдени-танымдық қызметін анықтау және олардың қазақша аудармадағы ерекшелігін салыстырмалы тұрғыда сипаттау. Бұл мақсатқа сәйкес жұмыста мәтіндегі тілдік бірліктердің семантикалық құрылымы, бағалауыш-экспрессивтік реңкі, контекстік қызметі және мәдени ишаралық мазмұны айқындалып, түпнұсқа мен аударма арасындағы мағыналық сәйкестігі қарастырылады.

Зерттеу жұмысында бірнеше әдістер қолданылды: концептуалды талдау (мәдени-танымдық ұғымдар мен концепт өрістерін айқындау), семантикалық талдау (мағына компоненттерін және контекстік түрленулерін сипаттау), компаративтік талдау (түпнұсқа-аударма сәйкестігін салыстыру).

Зерттеу нәтижелері ұлттық-мәдени мазмұны қанық бірліктерді аударуда қандай тәсілдердің ұтымды екенін, қай жағдайда мағыналық, көркем мәтіннің тілдік колоритін сақтауда, қандай функционалды баламалар тиімді екенін айқындауға көмектеседі.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-07-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles