TED TALKS-ТА ЕЛДІҢ БЕЙНЕЛЕНУІН СЫНИ ДИСКУРС ТАЛДАУЫНА АРНАЛҒАН КОРПУСТЫҚ ТӘСІЛ

Автор(лар)

  • Акишев Т.Б. Университет КИМЭП

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.004

Кілт сөздер:

корпус талдау, сыни дискурс-талдау, медиа дискурс, аһандық медиа платформалар, елдің бейнеленуі, Қазақстан, TED Talks, сандық құралдар

Аннотация

Бұл зерттеу Қазақстанның жаһандық медиа дискурста, атап айтқанда TED Talks транскрипттерін корпустық талдау арқылы қалай ұсынылатынын қарастырады. Зерттеудің өзектілігі халықаралық медиа платформалардың Қазақстанның дискурсивтік бейнесін қалай қалыптастыратынын зерттеуде көрінеді. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан аталған контексттерде қалай айтылатынын талдау және оның репрезентациясының дискурсивтік үлгілерін анықтау. Зерттеу деректері TED Corpus Search Engine құралын пайдалану арқылы жиналған, ал талдау сыни дискурс-талдаудың (СДТ) аралас тәсілі аясында жүргізілген. Зерттеудің жаңалығы корпустық талдауды осы зерттеу үшін арнайы әзірленген сыни дискурс-талдау тәсілімен ұштастыруында жатыр. Бұл тәсіл арнайы осы зерттеу үшін әзірленіп, Н. Ферклоудың үшөлшемді моделі, Т. ван Дейктің әлеуметтік-когнитивтік моделі және Р. Водактің дискурсивті-тарихи тәсілінің жекелеген аспектілеріне негізделген. Ол Қазақстанға қатысты әртүрлі контексттерді талдау үшін қолданылған. Мұндай әдістемелік тәсіл бізге 2007–2022 жылдар аралығында жарияланған материалдар іріктемесіндегі лексикалық таңдауларға, субъектіліктің ұсынылуына және жасырын идеологияларға назар аударуға мүмкіндік берді. Нәтижелер көрсеткендей, TED дискурсінде Қазақстан бірнеше қайталанатын тақырыптар арқылы жиі бейнеленеді. Елдің осы платформадағы дискурсивтік бейнесі даму идеяларын, ұлттық бірегейлік мәселелерін және табиғи ресурстарды пайдалану тақырыптарын көрсетеді. Зерттеудің теориялық құндылығы жаһандық медиа нарративтерді зерттеуде корпустық әдістер мен дискурс-талдауды біріктіру мүмкіндіктерін көрсетуінде. Практикалық құндылығы Қазақстанның халықаралық коммуникациялық платформаларда қалай репрезентацияланатынын түсінуді кеңейтуде көрінеді. Зерттеудің шектеулері ретінде ағылшын тіліндегі транскрипттерге шоғырлануы, деректер жиынтығының аздығы және материалдардың стилі мен ұзындығы бойынша ерекшеленбеуі атап өтілсе де, бұл зерттеу корпусқа негізделген тәсілдердің құндылығын көрсете отырып, дискурс-талдау зерттеулеріне елеулі үлес қосады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-07-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles