АУДАРМА САПАСЫН БАҒАЛАУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ: ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ ӘЗІРЛЕУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

Автор(лар)

  • Жумабекова А.К. КазНПУ им.Абая
  • Шенгелбаева Н.Р.
  • Мухитов А.З.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.030

Кілт сөздер:

аударма сапасын бағалауға үйрету, аударма құзыреттілігі, жүйелі әдіснамалық тәсіл, аударма қателіктері, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, оқыту саласы

Аннотация

Қазақстанда соңғы жылдары аударма теориясы мен практикасы түрлі жанрдағы аударылатын әдебиеттер көлемінің айтарлықтай артуына байланысты дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.  Осы тұрғыдан алар болсақ, негізінен қазақ тілінен тікелей шет тілдеріне, сондай-ақ шет тілдерінен қазақ тіліне  жасалатын аудармалар саны артып келеді. Өкінішке орай, аударылған мәтіндердің сапасы  оқырман қауым тарапынан қызу талқылана бермейді. Сондай-ақ  еліміздің жоғары оқу орындарында бірінші курстан бітіуші курсқа дейін аударма сапасын бағалауға қатысты жүйелі түрде жүргізілетін арнайы курстар қарастырылмаған.

Аталған мақалада авторлар аударма сапасын бағалауды оқытудың тәсілдерін қарастырып, оқу-әдістемелік  құралын әзірлеудегі өзіндік тәжірибесімен бөліседі.

Зерттеудің негізгі мақсаты – жоғары оқу орындары студенттерінде аударма сапасын бағалау дағдыларын қалыптастыру жолдарын айқындау.  Өйткені бұл дағдылар мен кәсіби машықтар болашақ аудармашылардың кәсіби құзыреттілігінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.

Шетелдік және қазақстандық зерттеулерді талдау нәтижесінде аударма сапасын бағалаудың әртүрлі бағыттары мен қырлары анықталды; жүйелі әдіснамалық тәсіл стратегиясы әзірленді (жалпығылыми әдістер – талдау, синтез, жинақтау, сондай-ақ лингвистикалық, дидактикалық және аудармашылық зерттеу әдістері қолданылды). Осы негізде алғаш рет аударма сапасының нормативтік-бағалау санаттары сипатталды.

Зерттеу материалы ретінде «Ұлттық аударма бюросы» қорында жарық көрген  лингвистика саласы  бойынша үш түпнұсқа мен олардың аударма  нұсқаларының мәтіндері лингвистикалық тұрғыдан талданды. Мақалада аударма сапасын ішкі және сыртқы бағалау рәсімдері, аударма қателерінің типологиясы, аударма стратегиясын таңдау, сондай-ақ аударма алдындағы және одан кейінгі талдау үлгілері (модельдері) ұсынылған. Болашақ аудармашылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың тиімділігін арттыруға арналған оқу-әдістемелік құралға енгізілген тапсырмалар мен жаттығулардың мысалдары келтірілген.

Ұсынылған әдістеме авторлар тарапынан оқу үдерісінде сынақтан өткізіліп, отандық аударма дидактикасының дамуына үлес қосып, өзінің тиімділігін көрсетті.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles