ГАЗЕТ ТАҚЫРЫПАТТАРЫНДАҒЫ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУШЫ ТІЛДІК ҚҰРАЛДАР (АҚТӨБЕЛІК «ЭВРИКА» ГАЗЕТІ МЫСАЛЫНДА)

Автор(лар)

  • Сарбасова А.Е. АРУ имени К.Жубанова
  • Кубаева А.Г.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.3.74.014

Кілт сөздер:

прагмалингвистика, медиамәтін, газет тақырыпаттары, прецеденттік құбылыстар, сөзойнатым, каламбур, графикалық ойын, фонетикалық ойын

Аннотация

Мақалада прагматикалық әсерді күшейту үшін газет тақырыпаттарында қолданылатын тілдік құралдар қарастырылады. Мақаланың мақсаты - медиамәтінге тақырып таңдауда оқырманға прагматикалық жағынан әсер ету үшін газет мақалаларын жазатын кәсіби дайындығы бар мамандар қолданатын лингвистикалық құралдарды анықтау.Мақаланың өзектілігі әлемдік ғылыми қауымдастықта тілдік құралдарды пайдаланудың прагматикалық қырларына деген назардың артуы жағдайында оқырманға бағытталған қарым-қатынас процесін тереңірек зерттеу қажеттілігімен түсіндіріледі. Мақаланың ғылыми және практикалық маңыздылығы прагматикалық жағдайды іске асыру механизмін сипаттау үшін газет тақырыпаттарының ерекшеліктері туралы нақты теориялық жалпылауларда көрсетілген. Мақаланың ғылыми жаңалығы алғаш рет Ақтөбе өңірінің медиамәтіндерінің лингвостилистикалық және лингвопрагматикалық ерекшеліктері талданып, сипатталды.

Зерттеудің негізгі әдісі ретінде дәстүрлі сипаттамалық әдіс, сондай-ақ аудиторияға прагматикалық әсер ететін лингвистикалық құралдарды талдау процесінде нәтижелерді жалпылау және жіктеу әдістері пайдаланылды.

Жұмыстың құндылығы: алынған нәтижелерді болашақта ұқсас зерттеулер жүргізуде, сондай-ақ журналистика, лингвистикалық прагматика, лексикология, стилистика, лингвомәдениеттану, медиамаркетинг секілді курстарды оқытуда қолдануға болады. Бұл зерттеу жұмысы медиалингвистикада әдістер мен амалдар жүйесінің қалыптасуына белгілі бір үлесін қосады. 

Мақала жазу барысында келесі нәтижелер алынды: Ақтөбелік "Эврика" газетінің материалдарын мұқият қарап шыққаннан кейін, тақырыпаттар аудиторияға әсер ете алатын прагматикалық күші бар прецеденттік мәтіндердің дереккөздеріне қарай 4 негізгі топқа бөлінді. Сондай-ақ, қазіргі газет мәтінінің прагматикалық әлеуетін күшейту құралы ретінде газет беттерінде сөз ойыны қалай қолданылатыны толық зерттелініп, графикалық және фонетикалық сөздік ойын түрлері анықталды.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-27

Жоба

Раздел

Статьи