ФАТИКАЛЫҚ МЕТАКОММУНИКАЦИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Смагулова Г. КазНУ им. аль-Фараби
  • Конырбаева Г.
  • Солтанбекова А.
  • Хуңшан А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.017

Кілт сөздер:

фатикалық метакоммуникация, мәдениетаралық прагматика, сөйлеу этикеті, сипаттамалы талдау, фатика, хабар алмасу, сөйлеу актісі, фатикалық қатынас, цифрлық кеңістік

Аннотация

Бұл мақалада фатикалық метакоммуникация сөйлеу байланысының қатысушылар арасындағы әлеуметтік-мәдени үйлесімділікті қамтамасыз ететін тілдік өзара әрекеттесудің маңызды аспектісі ретінде талданады. Жаһандану және белсенді мәдениетаралық коммуникация жағдайында фатикалық актілердің механизмдерін түсіну, әсіресе әртүрлі лингвомәдени қауымдастықтар өкілдерінің өзара әрекеттесуінде ерекше маңызға ие.

Зерттеудің мақсаты – фатикалық метакоммуникацияның қалыптасу және жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтау әрі оның мәдени нормалармен, социопрагматикалық стратегиялармен, тілдік этикет тәжірибелерімен өзара байланысын сипаттау. Зерттеу барысында мынадай міндеттер негізге алынды: ұғымның теориялық өрісін нақтылау; әртүрлі тілдерде фатикалық актілерді жүзеге асыратын құрал-тәсілдерді жүйелеу; лингводидактика мен аударманың практикалық контексттеріне бейімделген ұсынымдар әзірлеу. Зерттеу әдістемесі дискурстық-прагматикалық талдау, салыстырмалы сипаттама, корпус және иллюстративтік деректерді сапалық кодтау, коммуникативтік жағдаяттарды модельдеу тәсілдеріне сүйенді.

Мақаланың ғылыми маңыздылығы - фатикалық метакоммуникацияны тіл мен мәдениеттің, прагматика мен әлеуметтік лингвистиканың түйісінде жан-жақты қарастыруында ғана емес, осы құбылыстың теориялық-ұғымдық аппаратын нақтылауында, фатикалық функцияның дискурстық, социопрагматикалық және лингвомәдени параметрлерін модельдеуінде көрінеді.

Практикалық маңыздылығы - мәдениетаралық коммуникацияны оқыту, лингводидактика және аударма салаларында ескерілетін жағдаяттарды жүйелеп қана қоймай, оқу бағдарламалары мен тренингтерге енгізілетін әдістемелік ұсынымдар әзірлеуде, аудармада кәсіби коммуникацияда (медицина, білім, қызмет көрсету, мемлекеттік сектор) және цифрлық ортада сыпайылық пен өзара түсіністік стандарттарын жетілдіруде көрініс табады.

Негізгі эмпирикалық база  ретінде жапон тіліндегі айзучи мен рәсімдер, араб тіліндегі діни таңбаланған формулалар мен экспрессивті сөйлеу, шығыс және түркі тілдеріндегі құрмет-қошеметке негізделген тұрақты этикеттік құрылымдар мен қонақжайлылық практикасы алынды.

Зерттеу барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді: фатикалық этикет формаларының типологиясы нақтыланып, мәдени модельдермен шартталған вариативтілік көрсетілді; көпмәдениетті дискурста қатысымның тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етудегі фатикалық стратегиялардың рөлі дәлелденді. Нәтижелердің практикалық құндылығы аудармашыларды, ЖОО оқытушыларын, халықаралық коммуникация мамандарын даярлау жүйелерінде, сондай-ақ мәдениетаралық құзыреттілікті дамыту жобаларында айқын көрінеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles