ЗАМАНАУИ КИНОАУДАРМА ТӘЖІРИБЕСІ: ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТ («ШЕРЛОК» ТЕЛЕХИКАЯСЫ НЕГІЗІНДЕ)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.021Кілт сөздер:
киноаударма, дубляж, субтитр, мәдени-шартты лексика, лингвомәдени бейімделуАннотация
Мақала киноаударманың заманауи принциптерін еуропалық тәжірибеге сүйене отырып зерттеуге арналған. Зерттеу мақсаты – «Шерлок» атты танымал британдық детективтік телехикаяны ағылшын тілінен орыс тіліне аудару барысындағы лингвомәдени бейімдеудің негізгі тәсілдерін анықтау.
Зерттеу мақсатына жету үшін авторлар сипаттамалық және салыстырмалы талдау әдістерін қолданып, аталмыш телехикаяда кезедесетін ұлттық-мәдени бірліктерді және оларды дубляж мен субтитрде орыс тіліне аудару тәсілдерін анықтаған. Жоғарыда аталған зерттеу әдістерімен қатар қазіргі мәдениеттің бір бөлігі ретінде киноаударманың негізгі принциптерін зерттеу үшін когнитивті тәсіл қолданылған.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: «Шерлок» телехикаясындағы ұлттық-мәдени сөздерді тауып және оларды орыс тіліне аудару тәсілдерін анықтай отырып, киноаудармасының жалпы сапасын жақсартуға айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Әр түрлі елдердегі киноаударманың негізгі кезеңдері мен түрлерін салыстыра отырып, авторлар фильм өндірісінің көп бөлігі шектеулі мамандандырылған аударма студияларымен орындалатын дубляж екенін анықтай алды.
Тақырып бойынша зерттеу барысында киноаудармасындағы жүзеге асырылатын сөздік қорының кеңейтілуі, түпнұсқада берілген ұлттық ерекшеліктерінің сақталуы, авторлық ой мен стилінің жаңғыртуы және аударманың қолайлы әдісін таңдау секілді аудармашының кәсіби құзыреттіліктері анықталды. Аудармашыға, сонымен қатар, дубляжда немесе субтитрлерде сапалы аударма жасау үшін кино тілін, сценарий құру ережелерін, жазу және монтаждау процесстерін жақсы біліп түсіну қажет.
Қазіргі әлемде кино аударылуы кеңінен таралған істердің бірі болып табылады, бірақ ол аударылған шетелдік фильмдерін көрермендер аудиториясының қабылдауы аударма сапасынан толық қанағаттандыруын қажет етеді.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, кинодискурсты түсіну және аудару лингвистикалық және экстралингвистикалық контексті ескерудің маңыздылығын білдіреді. Зерттеу барысында киноаудармасы қазіргі аударматану ғылымының өзекті, сонымен қатар күрделі мәселелерінің бірі болып табылады.