ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКА ЭВФЕМИЗМДЕРІН АУДАРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТЕРМИН РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Автор(лар)

  • Алдабердикызы А. ЕНУ имени Л.Н. Гумилева
  • Аязбаева А.М.
  • Авазвакиева Ф.Р.
  • Есенова Н. Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.022

Кілт сөздер:

эвфемизмдер, саяси дұрыс тіркестер, социолингвистика, терминология, қазақ тіл білімі, тіл саясаты, американизмдер, тілдік такт

Аннотация

Мақалада гуманитарлық ғылымдардың саясаттану, этнография, мәдениеттану және т.б. салаларында, сондай-ақ әлеуметтік лингвистикада қолданылатын эвфемизмдер мен саяси дұрыс тіркестер қарастырылады. Мақалада ағылшын тіліндегі эвфемизмдер мен саяси дұрыс тіркестерді қолданудың бастапқы қайнар көздері анықталып, бұл сөз тіркестерін қазақ тіліне аудару әдістері зерттелген. Сонымен қатар, қазақ тіл біліміндегі эвфемизмдер мен саяси дұрыс тіркестерді термин ретінде қалыптасу және ғылыми анықтамаға ие болуының әдістері баяндалады. 2000-2020 жылдар аралығында жарық көрген қазақ тіліндегі республикалық және жергілікті мерзімді басылымдар, сонымен қатар ғылыми басылымдар мен кітаптар, сөздіктер зерттеудің дереккөздері ретінде алынған. Ғылыми жұмыс алға қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты сипаттамалық тұрғыдан қарастырылады. Ғылыми жұмыстың теориялық құндылығы қазақ тіліндегі эвфемизмдер мен саяси дұрыс тіркестердің концептуализациялану мен термин ретінде қалыптасу жолдары туралы тың деректердің ұсынылуында жатыр. Зерттеудің практикалық маңызы осы ғылыми зерттеудің нәтижелерін қазақ тіліндегі жаңа ұғымдардың ғылыми анықтамасы мен терминологиясы туралы білімді жүйелеуде қолдануға, алынған нәтижелерді келесі пәндерді оқытудың тиімділігін арттыру қазақ тіл білімі, аударматану, мәдениетаралық коммуникация, сонымен қатар лексикография саласында үшін пайдалануға мүмкіндік береді.. Осы бағытта жүргізіліп жатқан теориялық талдаулар мен практикалық іс-шаралар эвфемизмдер мен саяси дұрыс терминдердің ұлтаралық, мәдениетаралық және ұлтаралық қақтығыстардың алдын алуға бағытталған идеологиялық тетігі мен сананы реттеу тетігі бар деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи