«БЕТПЕ-БЕТ» ПОВЕСІНДЕГІ ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІНІҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.69.2.024Кілт сөздер:
повесть, анализ, образ, әдебиет, кейіпкер, көркем шындық, көркемдік сипат, көркем шығармаАннотация
Мақалада әдебиеттанудың өзекті болған мәселесі – образды Ж. Нәжімеденовтың «Бетпе-бет» повесіндегі кейіпкерлерді талдай отырып, жан-жақты саралап көрсетіледі. Зерттеудің мақсаты – образдардың көркемдік сипатын айқындау. Сонымен қатар өмір шындығындағы образдылықпен салыстыра отырып, көркем шығармадағы кейіпкер болмысын ашу.
Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – бейнелеу мәселелері, яғни кейіпкердің көркем образын сомдау, сезімдік қабылдау арқылы бейнеленген шындық тұрғысынан зерттеу.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы – автор образды ашуда жан-жақты түрлі әдістерді, атап айтқанда, синекдоха, диалог, монолог әдістерін сәтті қолданып, аллегориялық стильде жазуы 60-80 жылдардағы қазақ әдебиетіне жаңа образ әкелді.
Зерттеу барысында биографизм, психоаналитикалық, психологиялық әдістер қолданылды.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде жазушы Жұмекен Нәжімеденовтың «Бетпе-бет» шығармасындағы негізгі проблема жаңа бейне арқылы жазылғандығы анықталды. Шығармадағы проблемалар, тартыстар арқылы жаңа образ жасауда даралау, жинақтауды қолдана отырып идеяны жеткізуге, сюжетті көркемдеуге кең әсер етті.
Зерттеу нәтижелері әдебиеттанудың теориялық мәселелеріне, оның ішінде Нәжімеденов әңгімесіндегі көмекші образдар мен кейіпкерлер оқиғаның өрбуіне, идеясын жеткізуге, сюжетті көркемдеуге кеңінен әсер етіп, жұмыстың құндылығын арттыра түседі.
Қорытындылай келе, «Бетпе-бет» әңгімесіндегі Қасымбек бейнесі 60-80-жылдары қазақ ортасында жаңа образ ретінде танылды.