ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ СУБСТАНТИВТІ ФОРМАЛАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.003Кілт сөздер:
туынды жұрнақтар, , күрделі зат есімдер, көне тарихи құбылыс, туынды сөз, зат есім, септік форма, атау сөздер, мағына, есімдік форма, күрделі зат есім, туынды зат есім, семантикалық құрылымАннотация
Бұл мақалада түбір зат есімдердің негізгі бөлігі қарастырылады. Олар негізінен бастапқы септік түрінде де, кейінірек жасалған дербес есімдік түрінде де қолданылады. Мағынасы заттану дәрежесіне жеткен мұндай зат есімдер әдетте әдеби тілдегі көркем шығармаларда кездеседі. Зат есімнің мұндай түрлерінің ішінде негізінен субстантивтену арқылы тіркелген сөз дәрежесіне жеткендері де, тіркелетін сөз дәрежесіне жетпегендері де, контекстік (стильдік) және окказионалдық түрлері де бар. Мақаланың міндеті субстантив зат есімдердің жай зат есімдер сияқты, түбір, туынды және күрделі сияқты үш түрде сипатталатындығын зерттеу. Бұл жұмыстың ғылыми маңыздылығы - туынды зат есімді анықтауда талдаудың қажеттілігі, онын сөзжасамдық мағынамен тығыз байланыстылығы. Жұмыстың практикалық маңыздылығы – зерттеу жұмыстарында, лекцияларды, семинарларды, практикалық сабақтарды, курстарды жазу процесінде көмекші құрал бола алады. Зерттеу әдістері ретінде компоненттік талдау, құрылымдық-семантикалық талдау, жүйелеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің негізгі нәтижелері: әртүрлі лингвистикалық табиғаттағы тілдік құбылыстардың арасындағы айырмашылықтың кейде байқалмайтындығы, және семантикалық құрылымдарына байланысты өзіндік әртүрлі субстантивтену процестер айқындалды.