LINKEDIN ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІНДЕГІ ПИАР МАҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ХЭШТЕГТЕРДІҢ РӨЛІ

Автор(лар)

  • Когабаева А.М. КазУМОиМЯ им Абылайхана

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.011

Кілт сөздер:

пиар мәтіндер, LinkedIn әлеуметтік желісі, мазмұндық талдау, прагматика

Аннотация

Ұсынылып отырған мақаланың мақсаты мазмұндық талдау әдісі арқылы LinkedIn әлеуметтік желісіндегі пиарға қатысты мақалалардағы хэштегтердің қызметі мен орнын анықтау. Мазмұндық талдау әдісінің кең ауқымдылығы оның қолдану аясынан, әр түрлі зерттеушілердің әр түрлі зерттеу мәнерінен көрінісі табады. Біздің зерттеуде де осы әдістің бірнеше бағыттарын қолдана отырып ағылшын тіліндегі соңғы жылдары LinkedIn әлеуметтік желісінде жарияланған10 мақала таңдалынып алынды. Содан соң мазмұндық талдау әдісінің түрлерін қолдана отырып арнайы 2 кесте жасалды. Бірінші кестеде хэштегтердің орналасуы, маңыздылығы, ұзындығы мен салмағы анықталған болса, екінші кестеде хэштегтер категорияларға бөлініп, олардың LinkedIn әлеуметтік желісінде пайдалану жиілігі мен хэштегтердің прагматикалық қырлары анықталды. Сонымен қатар, пиар мәтіндердің әлеуметтік желілерде кең таралуына нақты пиарға қатысты хэштегтердің әсері екі түрлі екені айқындалды. Көбіне пиар мақалаларының мақсаты жанама түрде оқырманға әсер ету болғандықтан ол мақаланың астына пиарға қатысты хэштегті қою тиімсіз екені байқалады. Әлеуметтік желідегі мақалаларды талдау барысында пиар мақала авторы көздеген мақсатына жету жолында бұл мақаланың пиар екенін білдірмес үшін хэштегтерді “маркетинг” немесе “кәсіп” сынды хэштегтермен алмастырған мысалдар да кездесті. Сонымен қатар, #publicrelations және #pr хэштегтерін пайдаланып мақала іздегенде LinkedIn әлеуметтік желісі тек пиарға қатысты емес, басқа мазмұндағы мақалалар мен посттарды көрсетеді. Бұл жағдай зерттеу материалын таңдауда және жалпы зерттеудің шынайылығын қамтамасыз етуде қиындықтар туғызды. Дегенмен де, бұл зерттеу жұмысы өзінің зерттелу әдісімен және зерттеу материалын таңдаудағы пәнаралық байланысымен практикалық құндылыққа ие болады. Яғни, бұл зерттеу жұмысының қорытындысы тіл мамандарымен қатар, қоғаммен байланыс саласындағы мамандарға, журналистика саласының мамандарына да ерекше нұсқаулық болары сөзсіз. Ал мазмұндық талдаудың әр қырынан көрсетілуі, яғни бұл зерттеу жұмысында әр түрлі мазмұндық зерттеу бағыттарының қолданылуы тілдік зерттеу саласына жаңа дем беруімен құнды болады. Таңдалынып алынған сандық мақалалардың жариялану мерзімі де бұл зерттеу жұмысының жаңашылдығын, әрі өзектілігін арттырады. 

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи