ШОКТЕЙМЕНТ АРАНДАТУШЫ ЛЕКСИКАСЫ ПОСТМОДЕРНДІК ДӘУІРДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР РЕЙТИНГІСІН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Автор(лар)

  • Федорова М.А. 87781007177
  • Шевякова Т.В.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.019

Кілт сөздер:

постмодернизм, жаңалықтар материалдары, медиарейтингтер, британдық басылымдар, арандатушы лексика, медиатизация, цифрландыру, шоктеймент

Аннотация

Мақалада баспаның рейтингісін көтеру үшін деструктивті технологияларды пайдаланумен байланысты заманауи БАҚ дамыуңын өзекті мәселелері зерттеледі. Мақаланың мақсаты британдық БАҚ-нан жиналған  200 мысал негізінде  постмодернизм дәуіріндегі жаңалықтар рейтингісін көтеру құралы ретінде шоктейменттің арандатушылық көрінісін зерттеу болып табылады (2021 жылдағы  “The Mirror”, “The Guardian”, “The Times”, “Daily Express” және басқа баспалардағы мақалалар). Зерттеудің ғылыми және практикалық мәні аталған мәселе бойынша ғылыми білімді, сонымен қатар медиялық дискурс пен жалпы жаппай қарым-қатынасты дамытуға мақала авторларының қосатын  үлесі болып табылады.

Зерттеуде арнайы әдістер пайдаланылған: британдық БАҚ мәтіндерін лингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық талдау, жаңалық материалдарында шоктеймент технологиясын пайдалануды контекстік талдау, шоктеймент элементтері бар лексикографиялық дереккөздерден ақпаратты жинау, қорыту және талдау. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде авторлар британдық БАҚ материалдарының басым көпшілігі (90%) бұқаралық санаға деструктивті әсер ететін, бірақ оқырмандарды барынша тарту мәселесін шешетін басылымдардың рейтингін көтеру мақсатында шоктейменттің айрықша тілдік элементтерін қамтиды деген қорытындыға келді. Жүргізілген зерттеудің құндылығы авторлардың мән-жайдың болашақта дамуынан салыстырмалы болжам жасауы болып табылады: шоктеймент технологиясы дамып, аса өрескел және қаталдау болады, бұл халықаралық қатынастардың тұрақсыз жүйесі мен БАҚ қызметтерін жаһандық реттеудің болмауымен негізделеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи