ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИ ИНТЕРЬЕР ЖӘНЕ СӘНДІК ҚЫЗМЕТІ

Автор(лар)

  • Султангалиева Р. Б. ЗКУ им. Утемисова
  • Рыскалиева Б. Д.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.035

Кілт сөздер:

қазіргі қазақ прозасы, заттық әлем, әдеби интерьер, көркемдік поэтика, суреттеу, деталь, , сәндік қызмет, көркемдік тәсіл

Аннотация

Зерттеудің мақсаты – әдеби интерьердің көркем шығарма мәтінінде қаншалықты маңызды рөл атқаратындығын, аталмыш баяндау бірлігін талдау шығармалардың поэтикасын түсінуде, эстетикалық құндылығын оқырманға жеткізудегі маңызды қызмет атқаратын көркем бірлік тұрғысында зерделеу.

Бұл мақалада қазақ әдебиеттану ғылымының айналымына енген «интерьер» ұғымы және әдеби интерьердің сәндік қызметі мен көркемдік поэтикасының мәселелері қарастырылады. Әдеби интерьердің сәндік қызметінің дәуірлеу кезеңі талданады. Әдеби интерьердің көркем шығарма кеңістігін қалыптастыру төңірегінде қарастырылған зерттеу еңбектеріне шолу жасалып, шығарма идеясы мен тақырыбына арқау болған заттық детальдің қолданылу ерекшеліктері анықталып, қазақ әдебиеттану ғылымында күні бүгінге дейін әдеби теориялық ұғым қалыптастыру жолында өзекті тақырып ретінде талданып, қазіргі қазақ прозасындағы поэтикасы мен қызметі мәселелері жан-жақты талданады. Әдеби интерьердің көркем мәтіндегі құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы оның сәндік және тағы да өзге де қызметтері анықталады. Кейіпкер өмір сүретін кеңістікті, ішкі жан әлемін, мінезін, болмысын танудағы қызметі көркем прозадағы эстетика мәселелерімен сабақтастықта талданады.

Зерттеу нысанына алынған қазіргі қазақ көркем шығармалары мен ондағы әдеби интерьердің көріністерін анықтау зерттеудің ғылыми құндылығын арттырады. Заттық әлем объектілерінің, детальдердің эстетикалануы адам өмірінде алатын орны туралы шығармалардан мысалдар келтіріледі.

Әдебиеттегі интерьер ұғымы шығарманың сюжет, композиция, символдық жүйесі сынды кең аспектілерімен байланыстыра талданады.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы әдебиеттану ғылымы бойынша зерттеу жұмыстары мен арнайы курстарда пайдалануда, көркем шығарманы театр сахнасына интерпретациялау барысында сценаристер мен қоюшы режиссерлерге де тигізер септігі мол. Зерттеуде теориялық талдау, жинақтау, жүйелеу және салыстырмалы талдау әдістері қолданылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи