ТҮРКІ ӘЛЕМІНДЕГІ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.70.3.004Кілт сөздер:
мәдениет, тарих, тіл, бейне, әйел, концепт, мақал-мәтелдер, түркі әлеміАннотация
Мақалада түркі әлеміндегі әйел бейнесі концепт деңгейінде және оның қазақ, түрік тілдеріндегі мақал-мәтелдердегі көрінісі қарастырылады. Барлық дерлік ғылым салаларында, оның ішінде лингвистикада да бастау алып, тамырын тереңге жіберген антропоцентристік парадигма тіл мен сол тілде сөйлейтін халықтың арасындағы байланысты жаңа қырларынан зерттеуге жол ашты. Яғни, тіл арқылы тұлғаны, ол өмір сүретін қоғамды, халықты, мәдениетті тануға болады деді. Ал, тілдегі құнды мәдени ақпаратты өз бойына жинап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін қаймағы – мақал-мәтелдер.
Мақаланың мақсаты тіршіліктің негізін құрайтын әйел мен ер бинарлық оппозиция компоненттерінің бірі – әйел тақырыбын түркі әлемінің тілдік бейнесінде мақал-мәтелдер көмегімен талдап, тұжырымдау. Әйел адамның қоғамдағы, отбасындағы рөлі қашан да өзекті болып қала береді. Әйел – тіршілік бастауы, ұрпақты дүниеге әкеліп, тәрбиелеудегі негізгі тұлға.
Мақаланың ғылыми маңыздылығы – түркі әлемінде тарихи-салыстырмалы парадигмада әйел адамның рөлі мен орны қалай бағаланды деген сұраққа батыстық философиямен салыстырмалы түрде талқыланып, мақалада мақал-мәтелдерді концептуалды интерпретативті талдау арқылы жауап беріледі.Түркі халықтарының жерлерінде Орта Азияны мекен еткен ежелгі сақ, ғұн, көне түркі, көне ұйғыр мемлекеттерінің көне жазба ескерткіштерінен бастап, халық арасында тараған аңыз, дастандар негізінде әйел бейнесінің тұжырымдалуы зерттеудің ғылыми жаңалығының көрсеткіші. Тумысынан бастап бойжетіп, отбасын құрып, от анасы болғанға дейінгі қыз баланың қылығы, әдебі, тәрбиесіне қатысты мақал-мәтелдер жинақталып,зерделенуі мақаланың ғылыми нәтижесі болып табылады. Мақаланың нәтижелері лингвомәдениеттану, қоғамтану тұрғысынан аса құнды дереккөз қызметін атқарады.