БИНАРЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ФОРМАЛДЫҚ-ҚҰРЫЛЫМДЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ

Автор(лар)

  • Абдикарим Н. Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
  • Ысқақ Б.Д.
  • Махсуд О.Ж.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.001

Кілт сөздер:

термин, бинарлық терминдер, корпустық лингвистика, тег, Лейпциг ережесі, морфосинтаксистік модельдер, шартты белгілер, терминдерді автоматты тану, лексика-синтаксистік шаблон

Аннотация

Мақалада ІТ-технологиялардың, компьютерлік лингвистиканың мүмкіндіктерін терминологияда пайдалану үшін тілдік материалды құрылымы бойынша компьютер түсінетіндей етіп формалдаудың қажеттілігі сөз болады.

Мақаланың мақсаты – бинарлық терминдік тіркестердің сөз табы, синтаксистік тіркестерге ұйысудағы морфологиялық тұлғаларын есепке алып, олардың формалдық-құрылымдық модельдерін анықтау.

Қазақ тілін формалдаудың тарихына қысқаша шолу жасалады. Терминдік тіркестер лексика-синтаксистік категория болғанымен, сөздердің өзара қатынасқа түсе отырып, белгілі бір ұғымның атауы болуына морфология да елеулі қызмет атқаратындығы; оның тілдік бірліктерді формалдық-құрылымдық жағынан модельдеу барысында айқын көрініс табатындығы баяндалады.

Зерттеменің негізгі нәтижесі мен талдаулары ретінде мыналарды атауға болады: «Жасанды интеллект» саласының екікомпонентті терминдік тіркестерінің морфосинтаксистік құрылымы есепке алынып, оларды формалдауға қажетті шартты белгілер таңдалған; аталған саланың барлық терминдері EXCEL кестесіне енгізіліп, оларға сәйкес келетін модельдермен таңбаланған; терминдік тіркестерді парадигмалық-диструбивтік әдіспен талдау барысында олардың өнімді модельдері іріктеліп, типтендірілген және негізгі грамматикалық сипаттары көрсетіліп, мысалдар келтірілген.

Бір ғана саланың терминдері зерттеу материалы ретінде алынуы сөз таптарының термин жасаудағы белсенділігін, тіркесімділік қабілетін, сипатталатын терминдердің лексикасының қамтылу толықтығын айқындауға және т.б. нақты мәліметтерге қол жеткізуге мүмкіндік берген.

Авторлардың пікірінше, осы зерттеменің негізінде басқа да салалардың терминдік тіркестерін модельдеуге, жиі қолданылатын типтерін анықтауға және оларды арнайы мәтіндерден автоматты түрде танитын лексика-синтаксистік шаблон әзірлеуге болады.

Мақаланың практикалық маңыздылығы терминдік тіркестердің парадигмалық түрленуін талдауға, жүйелеуге және қазақ тілінің заңдылығына сай келмейтін терминдік тіркестерді анықтауға септігін тигізеді. Сонымен қатар зерттеу барысында мәлім болған фактілерге сүйене отырып, терминдер орфографиясы бойынша кейбір даулы мәселелерді шешуге және шеттілдік терминдердің аударылуына оң ықпал етуге болатындығы нақты мысалдар арқылы көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи