КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ МАГИЯЛЫҚ РЕАЛИЗМ (қазақ және шетел әдебиетіндегі бойынша)

Автор(лар)

  • Оразбек М.С. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Сагидуллиева С.С. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.034

Кілт сөздер:

көркем проза, магиялық реализм, постмодернизм, фантастика, қазақ және әлем әдебиеті, ұлттық құндылық, миф, готика

Аннотация

Бүгінгі таңда адамдық құндылық тұжырымдамасы күрделене түсті, бұл иррационалды, мистикалық элементтерді көркем шығармаға енгізу арқылы реалистік әдіске әсер етті. Өмірдегі реалды құбылыстарды мифтік мотивтер және фантастикалық элементтер арқылы түсіндіру әлем әдебиетінде ХХ ғасырда жаңа бағыт – магиялық реализмнің дамуына әсер етті. Мақала мақсаты – қазіргі әдеби үрдістің даму сатысындағы магиялық реализмнің тарихи сатысын, сондай-ақ оның адамзатқа әсерін толық түсіну үшін реалистік және фантастикалық, сиқырлы және иррационалды үйлесімін қарастыру. Магиялық реализм әдісінің даму сатысы, басқа бағыттардан айырмашылығы мен ерекшелігі ғылыми тұрғыда жүйелі қарастырылды.

Мақалда компаративистік зерттеу әдісі, герменевтикалық талдау тәсілдері, кейіпкер мен автор арақатынасын психоаналитикалық талдау әдісі арқылы зерттеу жүргізілді.  Шындықты суреттеудегі уақыт пен кеңістіктің рөлі, символдық детальдар көрінісі талданды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі Магиялық реализм әдісі әлем әдебиетінде кең өріс алғанымен, қазақ әдебиетінде магиялық элементі қамтылған туындылар мифтік шығармалардың қатарында қарастырылып келді. Мақалада магиялық реализм әдісінің қолданысы, готикалық, мистикалық, фантастикалық жанрлардан айырмашылықтары мен ерекшеліктері жүйелі талданды. Сонымен қатар, магиялық реализм әдісінің даму тарихы мен бүгінгі деңгейі қарастырылды.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетіндегі жеке авторлар шығармаларындағы магиялық реализм әдісінің берілу тәсілі мен тарихилығы сараланды. Зерттеу материалы ретінде шетел және отандық әдебттану ғылымындағы теориялық еңбектер мен неміс қаламгері мен қазақ жазушысының туындылары салыстырмалы түрде алынды. Мақалада зерттеу нәтижесінде неміс жазушысы Г.Казак туындыларында адамгершіліктің тамырларын зерттей отырып, гуманистік құндылықтарды пысықтау модельдерін анықтап, «прогресс пен регрессияның өзара байланысын» негіздей отырып, мифтік туындыларын түсіндіру арқылы тарихтың қайғылы бұрылыстарын түсіндірсе, қазақ жазушысы А.Алтай мифтік сюжеттер, романтикалық қос дүние, қосарлану мотиві «екінші шындықты» қалпына келтіру арқылы қазіргі қоғамдық шындықтарды суреттеу көркемдік деңгейі қарастырылды. Ал практикалық маңыздылығы әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетін салыстырмалы зерттеулерде, «Әдебиет теориясы»  пәні негізінде көркемдік әдістерді оқытуда қосымша ретінде пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи