«ШОЛПАН » ЖУРНАЛЫНДАҒЫ ҰЛТ РУХАНИЯТЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.69.2.022Кілт сөздер:
Алаш, Шолпан, ұлт, журнал, саясат, әдебиет, мәдениет, қазақ баспасөзі, журналистикаАннотация
Ұсынылып отырған мақалада ХХ ғасыр басында жарық көрген «Шолпан» журналының ұлт руханиятына қосқан үлесі талданып, басылым беттеріндегі ұлттық сана түсініктеріне баға беріледі. Мақаланың мақсаты журналдың мазмұнына талдау жүргізе отырып, оның ұлттық сананы қалыптастырудағы, ұлтты өркендетудегі қызметін айқындау. Осындай мақсаттардың негізінде қоғамдағы мәселелер тарихи тұрғысынан талданып, журналдың идеялық бағыты айқындалды. Мақаланың ғылыми маңыздылығы, авторлар ғылыми негіздерге сүйене отырып, 1922 жылы Ташкентте шыққан «Шолпан» журналының тарихына тоқталып, басылым беттеріндегі көтерілген мәселелерге мазмұндық талдау жасайды. Зерттеу әдістері ретінде басылымның мазмұнына тарихи, типологиялық талдау жасалды. Журналдың «саясат-шаруашылық», «білім-әдебиет» бөлімдері арқылы ұлт проблемаларын көтеріп отырғандығы дәлелденеді. Осы бөлімдер арқылы басылған мақалалардың тақырыптық ерекшеліктері анықталып, журналды шығарушы авторлардың көтерген мәселелерін ұлттық құндылық ретінде зерттеуге тырысады. Журналистика тарихын зерттеген ғалымдардың еңбектеріндегі журналды шығарушылар «ұлтшыл», «алашордашылдар» болды деген ұғымның негіздеріне нақты дәлелдер келтіріліп, «ұлтшыл», «алашорда» ұғымдарына талдау жасалады. Журнал бетінде көтерілген мәселелер сол заманның тарихи шындығы екендігі рас. Осы орайда басылымның дүниеге келуімен оның басы-қасында жүрген журналға жазушы-авторлардың тәуелсіз ел болуды көксегендерін байқауға болады. Автор сондай-ақ жекелеген мақалалар арқылы журналға жабылу қаупі туған сәттерін де назардан тыс қалдырмайды. «Шолпан» журналының ғұмыры қысқа болса да, ұлт руханиятының өркендеуіне ықпал етті.
Зерттеу нәтижесінде мақала авторлары «Шолпан» журналы ұлт сөзін сөйлеген басылым ретінде қазақ баспасөзінің мақтанышы болды деген негізді ұстанады. Практикалық маңыздылығы талдау үлгілерінің көрсетілуімен байланысты.