ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ҚАЗІРГІ ӘҢГІМЕЛЕР ҚҰРЫЛЫМЫНДА ДЕТАЛЬ, ОБРАЗ ТҮРІНДЕ КӨРІНУІ

Автор(лар)

  • С. Асылбекулы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
  • О. Имангали
  • А.С. Набидуллин

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.73.2.022

Кілт сөздер:

әңгіме, фольклор, мотив, деталь, кие, кейіпкер, архетип, түс

Аннотация

Мақалада қазіргі қазақ прозасының белгілі өкілдері Ш.Мұртаза, М.Мағауин, Қ.Түменбай, С.Асылбекұлы, Қ.Жүсіпбек, Н. Дәуітайұлы, Ж. Шаштайұлы, Т. Шапай, Ж.Ахмади, Д. Рамазан, М. Омарова тәрізді жазушылардың әңгімелеріндегі ауыз әдебиетіне тән белгілерді анықтау қарастырылды.

Мақаланың мақсаты – қазақ жазушыларының әңгімелеріндегі фольклорлық элементтердің деталь, образ түрінде көрінуін анықтау.

Жұмыстың ғылыми маңыздылығы – қазіргі қазақ әдебиетіндегі шығармалардың фольклормен байланысын анықтау, көркем фольклордың детальдарына түс көру, ғашықтардың құрбандығы, батырдың тамаша досы, мифтік нанымдар, салт-дәстүрлер, жануарлар сияқты мотивтер қолданысы дәстүр ұласуы ретінде көрініс табуы.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы – қазіргі қазақ әңгімелерінен фольклорлық мотивтерді тауып, оларды ауыз әдебиеті үлгілерімен салыстыра отырып фольклористика, қазақ прозасының практикалық мәселелерінің шешімін табуға көмектеседі. 

Зерттеу жұмысын жүргізуде көркем шығарма мәтініне дискурсивті талдау жасау, салыстыру, баяндау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының нәтижесінде:

– М.Мағауиннің Қуыршақ, Қ.Түменбайдың Адам, Т.Шапайдың Айна сара әңгімелеріндегі түс жору детальдары фольклорлық белгілер негізінде пайдаланылғаны анықталды;

– Ж.Қорғасбектің Миллион ара, миллион жылан және мен, М.Омарованың Жол үстінде әңгімелері архетиптік мотивтермен ерекшеленетіні талданды;

– Н.Дәуітайұлының Айғыркісі әңгімесіндегі әулие, кие сынды фольклоризмдер шығарма кеңістігін айшықтау үшін ұтымды қолданылғаны сараланды.

Алынған нәтижелер фольклористика, әдебиеттану ғылымдары, лингвофольклористикадағы фольклорлық мотив, фольклорлық элементтер ұғымдарының дамуына үлес қосады.

Қорытынды ретінде қазіргі повестьтерде фольклорлық коммуникацияның көрінісі генетикалық коммуникациядан алшақтай отырып, үндестік коммуникацияға басымдық беретін авторлық ізденістермен ерекшеленеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-27

Жоба

Раздел

Статьи