ТІЛ ДАМУЫН АЙМАҚТЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Автор(лар)

  • Абасилов А.М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2021.63.4.002

Кілт сөздер:

тіл дамуы, әлеуметтік лингвистика, тілдік ахуал, әлеуметтік лингвистикалық аймақ, зерттеу әдістері, тіл дамуына әсер ететін факторлар, тіл саясаты

Аннотация

Мақалада тілдің дамуын аймақтық тұрғыдан зерттеудің әлеуметтік лингвистикалық негіздемесі, зерттеудің әдіс-тәсілдері, аймақтардағы тілдің дамуына әсер ететін факторлар, осы бағыттағы түрлі ғылыми еңбектерді саралау арқылы қарастырылған.

Мақаланың мақсаты – әлеуметтік лингвистиканың негізгі мәселелерінің бірі ретінде көптілді қоғамдағы тілдердің дамуын зерттеудің теориялық негіздерін анықтау. Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы қазіргі Қазақстан аумағын әлеуметтік-лингвистикалық аймақтарға бөлуде және әрбір аймақтың тілдік жағдайына қарай мемлекеттік тіл мен басқа да тілдерді дамыту механизмін әзірлеуде жатыр.

Тілдердің дамуын аймақтық аспектіде зерттеу әдіснамасы жалпы елдегі тіл саясаты, тілді жоспарлау және тіл құрылысын реттеу мәселелері бойынша белгілі шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулеріне негізделген. Мақалада елімізде ғылыми негізделген тіл саясатын жүргізу мәселесі лингвистикалық ғылыми ортада қызығушылық тудырғанымен, оның мемлекеттік және саяси ортада әлі толық жүзеге асырылмағаны атап өтілген.

«Әлеуметтiк лингвистикалық аймақ» терминiн ғылыми айналымға енгiзу тiлдiк ахуалдың нақтырақ әлеуметтiк лингвистикалық мониторингiне, әр аймақта мемлекеттiк және басқа да тiлдердi дамыту тетіктерін дамытуға ықпал етеді.

Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы оларды университет тәжірибесінде әлеуметтік лингвистика, тіл теориясы бойынша лекциялар мен семинарлар өткізу кезінде, сондай-ақ тіл саясаты мәселелерімен айналысатын мамандары, мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға арналған бағдарламаларды әзірлеп, ҚР аймақтарында жүзеге асыратын мемлекеттік және жергілікті билік органдарының қызметкерлері қолдануында.

Сонымен, көптілді қоғамдағы тілдің даму тарихын ескере отырып, басқа мемлекеттердегі тілдердің даму тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанның аймақтары үшін тілдерді реттеудің әлеуметтік лингвистикалық тетіктерін және ғылыми-практикалық ұсыныстарды теориялық тұрғыдан негіздеу және әзірлеу қажет.

* Мақала 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру аясында жазылды.  Зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырды (AP08956367 гранты).

Жүктеулер

Жарияланған

2021-12-30

Жоба

Раздел

Статьи