ПОЭТИКАЛЫҚ МӘТІНДЕРДЕГІ «ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ// ЖАЛҚАУЛЫҚ» КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ВЕРБАЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Автор(лар)

  • Г.А. Айткулова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
  • Д.С. Розиева

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.70.3.002

Кілт сөздер:

поэтика, концепт, фрейм, ассоциация, схема, семантика, ұлттық дүниетаным, мәдени таңба

Аннотация

Мақалада поэтикалық мәтіндегі концептуалдық құрылымдардың когнитивті сипаты қарастырылады. Когнитивті лингвистика тіл арқылы қоғамдық құбылыстар мен дүниені танып білудің танымдық-теориялық негіздерін қалыптастырады. Сонымен қатар, антропоөзектік  парадигма аясында халықтың танымдық болмысын концепт арқылы лингвистиканың когнитивті бағыттары мен аспектілерін ғылыми негіздейді. Концепт өз бойына халықтың мәдени болмысының барлық мазмұнын сыйдыра отырып, ұлттық ерекше дүниетанымды түсінуде негізгі  компонент болып саналады. Поэтикалық мәтіндердегі еңбекқорлық//жалқаулық тілдік бірліктерінің когнитивті сипатын ашу барысында этностың ақиқат дүние туралы көзқарасы, мәдени танымы мен тұрмыс-тіршілігімен байланысты тілдік деректерге қол жеткізе аламыз. Бұл өз кезегінде халқымыздың ғасырлар бойы жинаған мәдени қоғамдастығы мен тіршілік етудегі қажеттілігінен, еңбек қатынастарынан туындаған дүниетанымдық санасын тануға мол мүмкіндік береді. Мақаламыздың  басты  мақсаты –Шәкәрім лирикасының тіліндегі  еңбекқорлық//жалқаулық  концептісінің когнитивті болмысын анықтау. Ғылыми мақаланың өзектілігі қазіргі антропоцентрлік парадигма аясындағы  еңбекқорлық//жалқаулық  концептісін айқындайтын тіл бірліктері арқылы қазақ этносының танымдық болмысын ашу болып табылады. Ғылыми мақаланың жаңалығы қазақ лингвомәденитанымындағы еңбекқорлық//жалқаулық  концептісінің алғаш рет зерттелуін жатқызуға болады.

Мақалада еңбекқорлық//жалқаулық концептілерінің поэтикалық мәтіндердегі этномәдени санаға ие тілдік оралымдарының мәдени-ұлттық семантикасы айқындалды. Зерттеу барысында еңбекқорлық// жалқаулық ұғымына қатысты тілдік бірліктердің семантикасын айқындау үшін сипаттама, этнолингвистикалық, концептілік талдау және ассоциативтік эксперимент әдістері пайдаланылды. Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың когнитивтік бағыттағы іргелі еңбектері пайдаланылды.

Зерттеудің  ғылыми құндылығы мен  практикалық  маңыздылығы еңбекқорлық//жалқаулық  концептісінің когнитивті лингвистика контексінде зерттелуі барысында «Поэтикалық мәтіндердің концептуалдық құрылымы» атты  дәріс курстары мен когнитивті лингвистика, танымдық семантика бағытында оқу құралы ретінде пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Статьи