(FACEBOOK, TWITTER ЖӘНЕ INSTAGRAM МЫСАЛЫНДА) АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ НЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ӘСЕРІ

Автор(лар)

  • Пайзуллаев Е.Н. Международный университет туризма и гостеприимства
  • Сак С.Т.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.015

Кілт сөздер:

ағылшын тілі, әлеуметтік желі, неологизм, лексикалық бірліктер, сөзжасам, аффиксация, біріктіру, конверсия, қысқарту

Аннотация

Бұл мақалада әлеуметтік желілердегі қарым-қатынастың нормаларға, атап айтқанда қазіргі ағылшын тілінің лексикалық құрамының дамуына әсері зерттелген. Тіл лексикалық деңгейде үздіксіз байып отырады. Кез келген тілдің дамуының бір мысалы неологизмдердің пайда болу процесі. Жұмыстың өзектілігі қазіргі уақытта ағылшын тілінің нағыз «неологиялық бумды» бастан кешіруінде.

Зерттеудің мақсаты – әлеуметтік желілерді қолдану әсерінен ағылшын тіліндегі жаңа сөздердің сөзжасамдық тенденцияларын зерттеу, ең өнімді сөзжасамдық құралдарды анықтау және сипаттау. Зерттеу барысында ағылшын тілінде соңғы 10 жылда пайда болған Facebook, Twitter және Instagram әлеуметтік желілері саласындағы неологизмдерге талдау жасалды. Әлеуметтік желілер қазіргі уақытта неологизмдердің ең өнімді көздерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік желілерді көптеген адамдар қолданады, бұл үлкен жылдамдықпен жаңа сөздерді құрудың жақсы алғышарты болып табылады. Жұмыс барысында әртүрлі лингвистикалық зерттеу әдістері қолданылды, мысалы: тілдік процестерді бақылауды қамтитын сипаттамалық әдіс, ғылыми әдебиеттерді талдау және сөзжасамдық талдау.

Үздіксіз іріктеу әдісімен өңделген Facebook, Twitter және Instagram әлеуметтік желілерінде қолданылатын неологизмдер мен аббревиатуралар зерттеу материалы ретінде қолданылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері Интернеттің, оның ішінде әлеуметтік желілердің қазіргі ағылшын тіліндегі неологизмдерді қалыптастырудың сарқылмас көзі екенін көрсетті. Жаңа неологизмдерді зерттеу ағылшын тілі- ана тілі болатын адамдардың өмірін қазіргі сәтте көруге мүмкіндік береді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы – зерттеу материалдарын қазіргі ағылшын тілінің лексикологиясы бойынша оқулықтарды, қазіргі ағылшын тілінің неологиясы бойынша арнайы курстарды жазуда пайдалануға болатынында. Зерттеудің ғылыми жаңалығы - нақты бір материалды талдау нәтижесінде алынған бірқатар жеке бақылаулар мен қорытындыларды ұсынады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи