ШЕТ ТІЛІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ҮЙРЕТУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2021.63.4.012Кілт сөздер:
паремиология, бейнелік, ұлттық ерекшелік, лингводидактика, әдістеме, концептуализация, мақал-мәтелдер, дүние суреті, тіл бірліктері, ұғымдар.Аннотация
Мақалада жалпы адамдық (әмбебап) қасиеттерімен де, ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен де ерекшеленетін, паремиологиялық клишенің бір түрі – мақал- мәтелдер- қарастырылады. Олар тек тіл теориясында ғана емес, сонымен бірге салыстырмалы лингвистика мен лингводидактикада өзекті мәселе болып табылады. Орыс, қазақ және қытай тілдеріндегі мақал-мәтелдер бір логикалық құрылымға ие болғанымен, олардың инварианттық мағынасы сөйлеу жағдайына сәйкес басқа тілге әр түрлі беріледі. Осыны орыс тілін шет тіл ретінде оқытуда және онын тиімділігін айтарлықтай арттыру мақсатымен ескеру тиис.
Мақалада аталған мақал-мәтелдерді зерттеудегі мақсат – орыс және қытай мақал-мәтелдері негізінде халықтардың ұлттық-рухани байлығын берудің мүмкіндіктерін, тәсілдері мен әдістерін зерттеу.
Зерттеу материалы - «Адам және оның әлемі» тақырыбындағы мақал-мәтел бірліктері- әртүрлі типтегі сөздіктерден алынған: екі тілді орыс-қытай сөздіктері, орыс және қытай тілдерінің фразеологиялық сөздіктері, сонымен қатар орыс және қытай тілдерінің біртілді сөздіктері.
Бұл жұмыстың ғылыми маңыздылығы туысқан емес, гетерогенді (орыс және қытай) екі тілдерді де қолданатын мақал-мәтелдерді мысалға ала отырып, «адам және оның әлемі» ұғымдарына жан-жақты салыстырмалы-аудармалық және семантикалық талдау жасауға талпынуында жатыр.
Зерттеудің практикалық құндылығы мәдениетаралық, этносаралық қатынасты жүзеге асыруға және кеңейтуге ықпал ететін ұлттық-мәдени ерекшеліктерді білуде. Жұмыстың қорытындылары курстық және дипломдық жұмыстарының тақырыптарын пысықтауда және жазуда, сонымен қатар оқытуда оқу-дидактикалық материал ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Көбінесе көркем мәтінді, соның ішінде фольклор немесе басня жанрларын оқығанда, шетелдік студенттер бейнелеу құралдарының мағынасын түсінбей, оларды бұрмалап түсіндіреді, өйткені онда басқа тілдің және басқа мәдениеттің ережелері жүзеге асырылады, оқу кезінде түрлі лингво-этномәдени бірлестіктер өкілдерінің жанама қарым-қатынасы жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда тілдік кедергі өзара түсіністікке кедергі болған жалғыз себеп емес. Әртүрлі халықтардың мақал-мәтелдерінің семантикасында әлем және оны бейнелеу құрылымы туралы әртүрлі білімдер беріледі. Сондықтан мұғалімнің шет тілін оқытуда осы тілдік бірліктерді қолдануға назар аударуы қажет.