МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ "КӨКСЕРЕК" ПЕН ДЖЕК ЛОНДОННЫҢ "АҚ АЗУ" ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МОТИВТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/phils.2024.73.2.028Кілт сөздер:
халық тағдыры, адам мен табиғат қарым-қатынасы, әдеби кейіпкер, болмыстың эстетикалық танымы, құлдықтың ауыр мұңы психология, мотив, реалистік әдебиет, шедеврАннотация
"Көксерек" және "Ақ азу" – әйгілі американдық романист Джек Лондон мен белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов жазған әңгімелер. Ит пен қасқырдың бейнесін сенімді, көркемдік дәлдікпен шынайы көркем тілмен анық бейнелеу жазушыдан үлкен шығармашылық ізденісті қажет ететіні анық. Біріншіден, бұл әлемдік әдебиеттің ең жақсы үлгілерінен алған жазушының бай білімімен, екіншіден, табиғи талантымен және өзінің өмірлік тәжірибесімен байланысты болып табылады. Бұл мақалада "Көксерек" және "Ақ азу" шығармаларындағы мотивтік ерекшеліктері анықталады. Зерттеудің өзектілігі екі фактіні анықтау болып табылады. Бірінші факт – "қасқыр" бейнесі М.Әуезовтің "Көксерек" шығармасына дейін қазақ прозасында кездеспеген. Яғни, бұл құбылыс әлемдік әдебиетте өз орнын әлде қашан тапқан болатын. Екіншіден, Мұхтар Әуезов 1936 жылы Джек Лондонның "Volk" ("Қасқыр") шығармасын аударғаны белгілі. Бұл жай ғана ұлы жазушының "Көксеректің" күрделі бейнесін жасауын және екі шығармаға да тән үйлесімділік пен өзіндік ерекшеліктің болуын түсіндіреді.
Зерттеудің мақсаты – шығармалардың сюжеттік ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасау болып табылады. Мұхтар Әуезовтің "Көксерек" және Джек Лондонның "Ақ азу" шығармалары зерттеу материалдары ретінде алынды. Зерттеу нәтижелері Джек Лондон жасаған "қасқырдың" метафоралық бейнесі кейіннен дамығанын, күрделене түскенін, танылғанын және М.Әуезовтің "Көксерек" шығармасында жаңаша толықтырылғанын көрсетеді.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы-зерттеу нәтижесін әлемдік әдебиет туындыларын салыстырудың әдіснамалық құралы ретінде пайдалануға болады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы-нақты материалдарды талдауға негізделген бірқатар жеке зерттеулер мен қорытындылар ұсынылған.