ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ «ДАЛА» КОНЦЕПТІСІНІҢ ФРЕЙМДІК ҚОЛДАНЫСЫ

Автор(лар)

  • А.Т. Испандиярова Костанайский региональный университет имени А.Байтурсынова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.73.2.007

Кілт сөздер:

тіл, мәтін, концепт, ұлттық дүниетаным, ойсурет, фрейм, фольклор, дала, халық, тіршілік

Аннотация

Мақаламызда Бабалар сөзі еңбегіндегі Қара өлең, Батырлар жыры томдарындағы шығармалар талдауға алынды. Бабалар сөзі еңбегіндегі дала концептісі алғаш рет тілдік тұрғыдан концептілік талдауға алынып, сараланды. Дала көрінісі концептілік талдаудың ұтымды тәсілі - ойсуреттер арқылы ашылған.
Мақаламыздың басты мақсаты – қазақ халық лирикасы тіліндегі дала концептісінің көрінісін айқындау. «Дала» концептісі арқылы қазақ халқының мінезін, тұрмыс – тіршілігін айқын көре аламыз. Автор аллегория әдісі арқылы батырлардың ержүректілігін, қайсарлығын, еліне деген сүйіспеншілігін, Отанына деген патриоттық сезімін көрсете білген.
Бабалар сөзі шығармалары тіліне концептілік талдау жасау арқылы қазақ дүниетанымында дала тұжырымы туралы түсінік қалыптастыру зерттеудің теориялық маңыздылығын айқындайды. Жұмыстың теориялық нәтижесін «Когнитивтік лингвистика», «Әдебиет теориясы» пәндерінде көмекші материал ретінде пайдалануға болады.
Концептілік талдау барысында «Дала» концептісінің фреймдік қолданыстар қарастырылды. Түсіндірме сөздік көмегімен дала ұғымына түсіндірмелер берілген. Дала концептісі туған жер, ақ отау, көш, Отан, табиғат, аңыз, күй, тыныштық т.б. ұғымдармен сабақтасуын зерделей келе, сол дәуірде де қазақтың еркіндікке, тәуелсіздікке ұмтылған ержүрек мінезі арқылы халықымыздың болмысын тани білдік. Қорыта келе, «дала» концептісінің қара өлеңдер мен батырлар жырындағы көрінісі арқылы фольклор тілінің әлеуметтік-қоғамдық ерекшеліктері анықталды.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-27

Жоба

Раздел

Статьи