ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕ АДАМНЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ МІНЕЗІН СИПАТТАЙТЫН ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.010Кілт сөздер:
мінез, адам, мінез-құлық, жағымсыз мінез, фразеологиялық тіркес, жағымсыз қасиет, көңіл-күй, эмоцияАннотация
Мақала туыс емес екі тілдегі адам бойындағы жағымсыз мінезді сипаттайтын фразеологиялық бірліктерді дүниетанымдық және мәдениетаралық қарым-қатынас негізінде қарастырады.
Мақаланың мақсаты жағымсыз мінезді сипаттайтын фразеологизмдердің қазақ және ағылшын тілдеріндегі баламасын мағынасына қарай салыстырып – салғастыру болса, міндеті – адамның жағымсыз мінезінің тұрақты тіркестер арқылы екі тілдегі қолданысы. Мақаланың ғылыми маңыздылығы – жағымсыз мінезді сипаттайтын тілдік бірліктердің туыс емес екі тілдегі мәдениетаралық қарым-қатынасының дамуына әсер етуі болса, практикалық маңыздылығы – екі тілде қолданылатын жағымсыз қасиетті сипаттайтын фразеологиялық тіркестердің қолдану барысында жағдаятқа байланысты, мағыналық реңкін жоймай ұлттық тіл заңдылықтарына сай қолданысқа енуіне үлес қосу.
Зерттеу әдістемесі қазақ және ағылшын тіліндегі фразеологиялық тіркестерді салыстырмалы талдауға, салыстырылған тілдердегі толық, жартылай баламаларды анықтауға және баламасы жоқ ағылшын және қазақ фразеологиялық бірліктерін талдауға негізделген. Зерттеу барысында лингвомәдени және семантикалық әдістерден басқа, салыстырмалы-салғастырмалы әдіс көбірек қолданылды.
Мінез-құлықты сипаттау қай тілде болмасын әртүрлі құбылыстармен, зоонимдік компоненттермен, заттармен, табиғатпен, өсімдіктермен, тіпті түстермен де салыстырылады. Авторлар мақалада екі тілдегі фразеологим тіркестеріндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сипаттама берді. Ұқсастықтары – екі тілде де фразеологиялық тіркестер дене мүшесінің соматизмін жиі қолданады. Айырмашылықтары – ағылшын тіліндегі фразеологиялық тіркестер вербалдана отырып, есімдікпен көп тіркесіп айтылады.
Мақаланың практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми тұжырымдар мәдениетаралық қарым-қатынас, лингвомәдениеттану саласының дамып, қалыптасуына, сонымен қатар салыстырмалы-салғастырмалы тіл біліміне байланысты зерттеулерді толықтыруға, әрі тереңдетуге өз үлесін қосады.