Ш. МҰРТАЗАНЫҢ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ МӘТІНДЕРІНДЕГІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.024Кілт сөздер:
эпистолярлық жанр, хат, прагматика, тілдік тұлға, ұлттық-мәдени феномен, дүниетаным, ұлттық салт пен дәстүр, тәрбиеАннотация
Заман мен қоғам өзгерістеріне орай адамзат баласының қарым-қатынасы тек ауызша сипатта ғана емес, жазбаша сипатта да дамып жатқаны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, хат жазу дәстүрі – қарым-қатынас құралының бірі. Қазіргі қазақ лингвистикасында бұл жанрды зерттеу – тың мәселелердің қатарында.
Мақаланың мақсаты – Ш.Мұртазаның эпистолярлық мәтіндеріндегі прагматикалық деңгейі мен философиялық пайымдауларының оның тілдік тұлғалық қасиетін ерекшелейтін тағы бір белгісі екендігін талдай отырып дәлелдеу.
Зерттеу жұмысы – сипаттамалық әдістер мен көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып жүргізілді.
Қазақ халқының рухани болмыс-бітімі мен оның ойлау жүйесін жетілдіру – Шерхан Мұртазаның тілдік тұлғасының ерекше қырларын аша түседі. Жалпы, прагматикалық деңгей - ұлттық сипаттан анық байқалатын тілдік тұлға деңгейі. Сондықтан да, ұлттық мәдениет өлшемдері тілдік тұлғаның халқына қарата айтқан, ой сана жеткізген прагматикаға толы үндеулерінен анық байқалады. Мақалада Ш.Мұртаза тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі оның халқын сүю, ұлтын ұлықтау, оларға насихат айту уәж, мақсаттарынан тұратындығын дәлелдеуге тырыстық.
Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы - хаттарындағы тілдік ерекшеліктерді таба отырып, жазушының әр жылдарда жазған хаттарын мазмұнына қарай жіктелгендігі. Талдау барысында жазушы хаттарының белгілі бір үлгісі жоқ, әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнда екендігін байқадық. Зерттеу материалдары мен деректері ретінде Ш.Мұртазаның баспадан жарыққа шыққан хаттары, сонымен қатар қаламгердің туған өлкесі – Жамбыл облысындағы «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының мұрағатындағы әлі жарық көрмеген хаттары алынды.
Зерттеу жұмысының нәтижесі қазақ публицистикасы мен эпистолярлық жанрдың дамуына өзіндік өзгерістер әкеліп, хаттарындағы келелі ойлар, ұлтжандылық прагматикасы болашақ ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосатындығы айқын.