ҚАЗАҚСТАНДА ШЕТ ТІЛІНДЕ БІЛІМ БЕРУДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ

Автор(лар)

  • Kunanbaeva S.S.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2021.63.4.001

Кілт сөздер:

халықаралық интеграция процесі, ғылыми-қолданбалы жоспар құру, шет тілінде білім беру теориясы, сапа мен біліктілікті бағалау шкаласы, корпоративтік білім беру.

Аннотация

Мақала Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің білім беру жүйесінде, соның ішінде шет тілінде білім беруді интеграциялау процесстерін интернационализациялау және тереңдету саласында атқарған 80 жылдық қызмет нәтижелерін қарастырады.

Мақаланың негізгі мақсаты – инновациялық-инвестициялық процесстерді дамыту және жоғары кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту саласында университеттің қосқан үлесін дәріптеп, тәжірибесін бөлісу.

Мақалада университеттің әлемдік білім кеңістігіне енудегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасында шет тілінде білім беруді жаңғырту саласында атқарылған негізгі іс-шаралары талданған, жинақталған және жүйеленген.

Мақалада жасалған тұжырымдар мен еліміздегі ең көне университеттердің бірінің тәжірибесіне сүйене отырып, жалпы Қазақстандағы білім беруді дамытудың негізгі тенденциялары және оның ішінде шет тілдерін оқыту мәселесі туралы қорытынды жасауға болады.

Университеттің түрлі форматтағы  халықаралық және желілік өзара серіктестігі, білім беру мен өндірістік кластерлік вертикалды құрудағы рөлі, сондай-ақ университет бастамасымен және шетелдік серіктес университеттермен немесе кәсіби серіктестермен бірлесе отырып құрған корпоративтік білім беруді қамтамасыз ететін кәсіби консорциумдар, ассоциациялар, қауымдастықтар жайлы да мақалада сөз болады.

ҚaзХҚжӘТУ корпоративтік білім берудің барлық мүмкіндіктерін, жоғары кәсіптік мектептің ғылыми-білім беру бағытын белсенді түрде қолданады. Келесі шаралар оған дәлел:

- бакалаврлардың, магистрлердің, докторанттардың ауқымды, бюджеттік академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету;

Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Испания, Жаңа Зеландия, Малайзия университеттерімен оқытудың барлық деңгейінде бірлескен білім беру бағдарламалары (қос диплом) бойынша кәсіби кадрларды дайындау;

- оқу бағдарламаларын біріздендіру, дипломдарды өзара қабылдау, жалпы білім беру кеңістігін кеңейту.

Шет тілінде білім беруді жаңғыртуды ғылыми тұрғыдан негіздеу мен қамтамасыз етудегі университеттің рөлін, сондай-ақ маманды шет тілінде кәсіби даярлаудың тұжырымдамалық тұғырнамасын ашуға көп көңіл бөлінеді.

Университетте жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының кәсіби қолданбалы сипаты ерекше атап өтіледі, ол басқа мамандықтар бойынша мемлекеттік стандарттарды, үлгілік бағдарламаларды, студенттердің оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін, шет тілін оқыту бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуде анық байқалады.

Осылайша, университет жалпы Қазақстан Республикасындағы шет тілін оқытудың даму векторларын алдын ала белгілейді.

Жүктеулер

Жарияланған

2021-12-30

Жоба

Раздел

Статьи