АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАРА СӨЗІНДЕГІ» БОЛМЫСТЫҢ ШЕКТІЛІГІ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТІЛДІК РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

Автор(лар)

  • Есіркепова Т.Ж. Казахский национальный университет имени Аль-Фараби
  • Карибаева Б.Е. KazUIRWL named after Ablai khan

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.020

Кілт сөздер:

концепт, шектілік, фрейм, экзистенциализм, идея, интерпретация, тілдік репрезентация, концептуалды талдау

Аннотация

Мақала Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» еңбегіндегі болмыстың шектілігі концепциясының тілдік репрезентациялары мен интерпретацияларын талдауға арналған. Аталмыш кітаптың негізгі идеясын әр түрлі түсіндіруге болады, дегенмен жердегі өмірдің шектілігі мәселесі шығармада жиі кездеседі және әртүрлі көріністерге ие. Мақаланың мақсаты – болмыстың шектілігі концепциясын бейнелеудің тілдік жолдарын талдап, алынған элементтерді схема түрін құрайтындай жүйеге келтіру. Мақалада қойылған мақсатқа жету үшін салыстырмалы талдау, теориялық талдау және концептуалды талдау әдістері қолданылды. Қалқаман Әбдіқадыров тәржімалаған «Мың бір түн» жинағындағы «Сүлеймен патша туралы аңыздан» үзінділермен салыстыра отырып, «Қара сөзден» үзінділер мұқият талданды. Автор аталған көріністер Шығыс философиясының әдеби және фольклорлық шығармаларында өте жиі кездеседі деген қорытындыға келеді. Сонымен болмыстың шектілігі концептісінің тілдік бейнелері анықталып, қарастырылады. Соның нәтижесінде аталған концепция «Қара сөздер» еңбегінде маңызды идеялардың бірі ретінде берілген. Мақаланың теориялық маңыздылығы «Қара сөздің» орталық мәселелерінің бірін тілдік бейнелеу тұрғысынан анықтау, сипаттау және талдау фактісінде жатыр. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – оның нәтижелерін осы саладағы әрі қарайғы зерттеулер үшін және академиялық мақсаттарда пайдалану мүмкіндігінде.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи