АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ СТИЛІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.3.74.011Кілт сөздер:
академиялық жазылым, линвистика, терминжасам, стилистика, ғылыми стиль, ресми іс қағаздар стилі, жартылай ғылыми стиль, бизнес коммуникация стиліАннотация
Академиялық жазылым еліміздің білім кеңістігінде соңғы он жылдықта пайда болып, отандық зерттеушілер тарапыныан практикалық және теориялық негіздері айқындалып, еліміздің жоғары оқу орындарында дербес пән ретінде жүргізіле бастады. Академиялық жазылым аясы тек ғылыми мәтіндерді сауатты жазумен ғана шектелмейді, сонымен қоса, тіліміздегі ресми іс қағаздар стилі, іскерлік қарым-қатынас тілі, жартылай ғылыми стиль мен ғылыми стильдердің жазылу талаптары, мектеп, арнаулы және жоғарғы оқу орындарында орындалатын жазба жұмыстарының барлық түрлері бойынша туындайтын мәселелерді шешу академиялық жазылымның құзіретінде. Осы орайда, қазақ тіл білімінің дербес бір салысы болып қалыптасып , күннен - күнге ғылыми маңызы артып келе жатқан академиялық жазылымның алғышарттары қандай деген сұрақ туындайды. Әр ғылым саласының басталу, жетілу, даму кезеңдері болатындықтан, ұсынылған мақалада эмперикалық зерттеу жүргізіле отырылып, осы саланың даму, қалыптасу негіздері отандық ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып анықталды. Мақаланың мақсаты академиялық жазылымның қалыптасуына тіл білімнінің қандай саласы әсер еткенін анықтау болып табылады. Қазақ ғылымындағы академиялық жазылымның қалыптасу тарихы, дамуы, еліміздің білім кеңістігінде пайда болуының негіздерінің саралануы мақаланың теориялық құндылығын анықтайды. Сонымен қоса, академиялық дискурс тілінің қалыптасуының алғышарттарын саралау үшін терминжасау мәселелері қарастырылды. Мақаланың практикалық маңызы алынған нәтижелер орта мектептерде, ЖОО-дағы үш деңгейлі білім беру жүйесінде академиялық жазылымды оқытудың әдіс-тәсілдері мен бағыттарын анықтауда, жазбаша коммуникацияға түсетін студенттерді жаңа интеграциялық ортада қарым-қатынас жасауға үйретуде қолданылатындығымен анықталады.