БРИТАНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА ДИСКУРСТАҒЫ “ӘЛ-АУҚАТ” КОНЦЕПТІ

Автор(лар)

  • Искакова Н.С. Казахский Университет Международных Отношений и Мировых Языков имени Абылай Хана
  • Норузова Г.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.009

Кілт сөздер:

концепт, әл-ауқат, бағалау, концептуалды-дефинициялық талдау, концептуалды-контексттік талдау, когнитивтік ерекшеліктер, стилистикалық құралдар, әлеуметтік медиадискурс

Аннотация

Бұл мақала Британдық әлеуметтік медиадискурсындағы «ӘЛ-АУҚАТ»  концептісінің бағалау белгілерін зерттеуге арналған. Кез-келген концепт дискурсивті қолданылу процессінде оның құрылымындағы тұрақтылықты немесе өзгерсті байқауға болады, өйткені концептілерге даму, модификация, мазмұнының қанығуы, байытылуы және жаңа мағыналардың пайда болуы тән. Тиісінше, үздіксіз даму барысында жаңа концетілердің пайда болуына немесе қоғамдағы өзектіліктің жоғалуына себепті концептілердің бастапқы мәні біртіндеп жойылуы мүмкін. Концептілерді қолдану процессінде осы факторлардың барлығы, белгілі бір дәрежеде әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-мәдени дамудың салдарына байланысты.

Мақаланың мақсаты - Британдық әлеуметтік медиадискурста «ӘЛ-АУҚАТ»  концептісінің бағалау және когнитивтік белгілерін анықтау, сондай-ақ Британдық лингвомәдениетте осы концептіні ұсынуға қатысатын тілдік құралдарды ашу. Зерттеу әдістемесі лингвоконцептуалдық талдауға негізделген.

Зерттеу нәтижелері қазіргі британдық әлеуметтік медиадискурсында «ӘЛ-АУҚАТ» концептісінің үстемдігін көрсетеді. Концептуалды-дифинициялық талдаудың нәтижелері «ӘЛ-АУҚАТ» концептісінің мазмұнындағы тарихи даму барысында тұрақтылықты растайды, ал концептуалды-контекстік талдауы «ӘЛ-АУҚАТ» концептісінің мазмұнында теріс бағалау коннотациясының бар екендігін, фразеологиялық бірліктер, метафоралар, идиомалар және басқа да стильдік құралдар арқылы көрсетеді.

Зерттеудің ғылыми құндылығы мен практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерінің бағалау теориясын одан әрі тереңдетілген талдауға белгілі бір үлес қоса алатындығымен айқындалады. Зерттеу материалдары медиадискурс және концептология саласындағы арнайы курстарды әзірлеу кезінде әдістемелік нұсқаулық бола алады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи