БІРЛІКТІҢ МЕТАФОРАЛЫҚ КОНЦЕПТУАЛИЗАЦИЯСЫ (ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ НЕГІЗІНДЕ)

Автор(лар)

  • Наурызбаев Ж.А. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Сейденова С.Д.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.4.75.011

Кілт сөздер:

концептуализация, метафоралық концепция, фрейм-слот, Халыққа Жолдаулар, бірліктің семантикалық белгілері, метафоралық модель, лингвокогнитивтік тәсіл, Президент Тоқаев

Аннотация

Аталған мақалада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауларындағы қайталанатын «БІРЛІК» тақырыбына байланысты саяси дискурстың лингвистикалық және когнитивтік аспектілеріне ерекше назар аударыла отырып, метафоралық концептуализацияның қыр-сыры зерттеледі. Бұл мақалада метафора теориясының риторикалық бастауынан когнитивтік көзқарасқа дейінгі эволюциясы қамтылады, атап айтқанда, Лакофф пен Джонсонның зерттеулері  негізінде қарастырылады. Сонымен қатар, метафораның когнитивтік құрал ретінде абстрактілі ұғымдардың құрылымына қатысуы және біздің әлем туралы түсінігімізді қалыптастыру қасиеті анықталады.

Мақаланың негізгі мақсаты – президент жолдауларындағы «БІРЛІК» метафоралық концептуализациясын құрылымдық-семантикалық және функционалдық атрибуттарын анықтай отырып зерттеу. Мақалада «БІРЛІК – КҮШ», «БІРЛІК – МЫҚТЫ НЕГІЗ» сияқты метафоралық моделдер анықталып, олардың тілдік көрінісі мен прагматикалық мағынасы түсіндіріледі. Таңдалған корпусқа Президенттің халыққа Жолдауының алтауы енгізілген, олардың әрқайсысы президенттің бірегей көзқарасы мен саясатты қалыптастыру бағытындағы тұжырымдамаларынан хабардар етеді.

Мақалада БІРЛІК концепциясына байланысты метафоралық тіркестерді анықтау үшін контекстік талдау мен үзіліссіз іріктеуден тұратын сипаттамалық әдістеме қолданылады. Лингвистикалық-когнитивтік және статистикалық талдаулар концептуалды метафора теориясын ғылыми тұрғыдан түсінуге ықпал ете отырып, метафоралық модель құрылымының пайда болу заңдылықтарын ашады. Ең жиі кездесетін «ҰЛТ - ОТБАСЫ» метафоралық моделінің категорияға бөлінуін және оның жан-жақты зерттелуін қамтамасыз ету үшін Баранов пен Фуконье атты ғалымдар жетілдірген Лакофф пен Джонсонның метафоралық модельдеу әдісі қолданылады.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы оның концептуалды метафора теориясы саласына қосқан үлесі ретінде оның саяси дискурста қолдану аясын кеңейтуі болып табылады. Практикалық маңыздылығы саяси нарратив пен қоғамдық пікірді қалыптастырудағы метафоралардың риторикалық функцияларын айқындауда көрінеді. Жалпы алғанда, зерттеу Президент Тоқаевтың Жолдауларының тілдік қыр-сырын түсінуге мүмкіндік беріп, қолданылған метафоралық тіл мен оның Қазақстанның саяси бағыты үшін маңыздылығы туралы нақты түсінік береді.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles