ҚАЖЫҚҰМАР ШАБДАНҰЛЫ ПРОЗАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ӘДЕБИ СТИЛІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.4.75.030Кілт сөздер:
Қажықұмар Шабданұлы, әдебиеттану, проза жанры, көркемдік ерекшеліктер, авторлық стиль, көркем мәтін, сарказмАннотация
Әдебиеттану ғылымында проза жанры саласындағы және сөз өнері үдерісіндегі шығарманы арнайы қарастыруымыз зерттеудің өзектілігін ерекшелейді. Қазақ прозалық шығармаларының этимологиясы түркі әдебиетінен бастау алып, кейінірек қазақ жазушыларының еңбектерімен толыға түсті. Бұл мақаланың нысаны ретінде Қажығұмар Шабданұлының «Пана», «Қылмыс» романдары таңдалып алынды.
Зерттеудің негізгі мақсаты - Қажығұмар Шабданұлының түрме туындысы ретіндегі ерекше прозаларына талдау жасау негізінді тілдік көркемдік ерекшеліктерін сипаттау. Зерттеу жұмысының құндылығы – қаламгер қытай империясының жауы ретінде қырық жыл абақтыда отырса да өзінің ерекше прозалық шығармаларымен тарихта қалған тұлға ретінде сипат алуында. Жазушының шығармалары тарихтың айнасы ретінде әдебиеттану саласында ерекше орын алуы ондағы кейіпкерлерді тарихпен ұштастыра баяндауымен және ерекше тілдік сипатымен көркемделуінде.
Қазақ прозасының ерекше концепциясы ретінде жазушының стилін талдау, қазақ әдебиеттануындағы зерттеудің ғылыми құндылығын аша түседі. Қажығұмар Шабданұлының тақырыптық-идеялық ерекшелігі ғылыми тұрғыда айқындалып, онда баяндалған түрлі оқиғалар, көтерілген тақырыптардың ауқымы бүгінгі күні өзекті тақырып болып табылады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – түрме қабырғасында туындаған қазақ әдебиетінің туындыларын әдебиеттану курсы бойынша пайдалануға мүмкіндік береді.
Зерттеуде ғылыми сипаттамалық және стильдік талдау, концептуалдық талдау, салыстыру әдістері қолданылады.
Зерттеу нәтижесінде қазақ прозасының дамуына үлес қосқан жазушы Қажығұмар Шабданұлының прозаларының авторлық көркемдік ерекшеліктері анықталды. Сондай-ақ қазақ әдебиетіндегі өзіндік қолтаңбасы бөлек, дара жазушы екендігі байқалады. Зерттеу жұмысымыз автор шығармалары туралы жалпы түсінік береді. Көркем туынды – Қытайда өмір сүрген қазақ зиялыларының бастарынан кешкен азапты өмірлерінің қасірет, қайғыға толы болғандықтан оқырманға рухани әлемін байытуға көмектеседі.