ТТАРИХИ ЭТНОМӘДЕНИ-СЕМАНТИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕНІМ ӘЗІРЛЕМЕСІ (орта ғасыр және фольклорлық мұралары материалдары негізінде)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.3.74.015Кілт сөздер:
этномәдени бірлік, жазба мұралар, дін, миф, лексика, семантика, Қазақ тілінің ұлттық корпусы, мәдени корпусАннотация
Қазіргі қазақ тілінің қолданбалы лингистикасында ұлттық этномәдени бірліктердің мағынасын, мәдени кодын ашу, Қазақ тілінің ұлттық корпусына енгізу, түсіндірме сөздігін әзірлеу – өзекті мәселелердің бірі. Бұндай қолданбалы лингистикалық зерттеулер мен электронды ресурстар қоғамның барлық мүшесіне ашық, қолжетімді болып, қазіргі жаһандану заманында жастардың мәдени-танымдық ақпараты бар этномәдени құндылықтардың мән-мағынасын түсініп, лингомәдени және этномәдени танымдық құзырттіліктерін арттырады.
Зерттеудің негізгі мақсаты – жазба мұралар мәтіндеріндегі діни мифологиялық этномаркерлі тілдік бірліктерді талдау және «Мәдени-репрезентативті ішкорпусқа» енетін этномәдени белгіленімінің үлгісін әзірлеу.
Қазақ халқының мәдени-рухани құндылықтарын танытатын этномәдени бірліктердің мол қоры көне түркі, орта түркі мұралар тілінде және қазақтың өте бай ауыз әдебиеті үлгілерінде сақталған.
Орта ғасыр жазба ескерткіштері мен ауыз әдебиеті үлгілері мәтіндерінде көне түркі, кірме араб, парсы сөздерінен тұратынын ескерсек, олар фразеологизмдер, парамеологизмдердің қалыптасуына қызмет етті. Ескі жазба мәтіндерде кездесетін лексика-фразеологиялық-паремиологиялық тіркестер сол дәуірдегі рухани, діни, мифологиялық, тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық, эстетикалық санасын айшықтайтын тілдік құралдар. Осыған байланысты мақалада діни-мифологиялық ұғымдарды қамтитын бірнеше этномәдени бірліктер ғана қарастырылады. Олар орта түркі дәуірінің (XIII-XVII ғғ.) жазбаша ескерткіштерінің мәтіндерінде және XIX-XX ғасырлардың фольклорлық мұраларында кездеседі. Мақалада жазба мұралар тіліндегі діни-мифологиялық мазмұнды қамтитын этномәдени кодты құрайтын бірліктердің мағынасы мен қолдану ерекшелігі анықталып, сонымен қатар тарихи этномәдени семантикалық белгіленімін түзу мәселесі талданады және Қазақ тілінің ұлттық корпусының «Мәдени-репрезентативті ішкорпусқа» енгізу үлгісі ұсынылады.
Діни-мифологиялық бірліктерді талдау барысында тарихи-этномәдени талдау әдісіне басымдық беріледі.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында әзірленіп жатқан Қазақ тілінің ұлттық корпусының «Мәдени-репрезентативті ішкорпусына» енетін діни мифологиялық ұғымдарға қатысты этномәдени тілдік бірліктердің семантикалық белгіленімінің әзірленуі – пайдаланушы үшін белгілі бір этномәдени ұғымның астарында жатқан мағынаны тану үшін пайдалы құрал бола алады.