ВИРТУАЛДЫ ДИСКУРСТЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.4.75.008Кілт сөздер:
дискурс, виртуалды дискурс, прагмалингвистика, антропоцентристік парадигма, виртуалды тілдік тұлға, коммуникация, Facebook, сөз құбылысы, прагматикалық стратегияларАннотация
Интернет-дискурс әлем ғалымдарының қызығушылығымен туғызғанмен, салыстырмалы түрде жаңа зерттеу саласы болып саналады. Онлайн дискурстың ерекше назар аударуды қажет ететіндігі даусыз. Осы себептен бұл мақала виртуалды дискурстың маңыздылығын саралауға бағытталған. Жасөспірімдер виртуалды дискурсының прагматикалық стратегияларын нақтылау біздің онлайн дискурсқа деген қызығушылығымызға себеп болды.
Бұл зерттеудің басты мақсаты виртуалды дискурстағы прагматикалық стратегияларды анықтау. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін виртуалды тілдік тұлғаның болмысын ашу, дискурсты саралау, оның түрлеріне тоқталу және виртуалды дискурс коммуниканттарының прагматикалық стратегияларына талдау жасау сияқты міндеттер жүзеге асырылды. Виртуалды дискурстың прагматикалық стратегияларын анықтау үшін мақала авторлары орыстілді жасөспірімдердің виртуалды дискурстағы мәтіндерінің үзінділеріне жан-жақты лингвопрагматикалық талдау жасады.
Зерттеу сипаттамалық әдіс, контекстік талдау, компоненттік талдау, интерпретациялық талдау әдістері сияқты лингвистикада қалыптасқан дәстүрлі әдістер арқылы жүзеге асты. Бақылау тәсілі онлайн мәтіндерді прагмалингвистика тұрғысынан қарастыруда қолданылса, сипаттамалық әдіс онлайн мәтіндердегі коммуниканттардың прагматикалық ниеттерін сипаттауға мүмкіндік берді. Контекстік талдау әдісі арқылы біз қарым-қатынас аясын анықтап, компоненттік әдіс арқылы таңдалған тілдік құралдарды компоненттерге бөліп қарастырдық. Коммуниканттардың прагматикалық стратегияларын нақтылау үшін интерпретациялық талдау әдісіне жүгіндік.
Мақаланың басты нәтижесі - жас жеткіншектердің қысқы демалыс уақытындағы виртуалды дискурстың бір жанры ретінде Facebook желісіндегі қарым-қатынас мәтіндеріндегі прагматикалық стратегияларының анықталуы болды.
Мақаланың ғылыми нәтижесі ретінде жас жеткіншектердің виртуалды дискурстағы прагматикалық стратегияларының анықталуы зерттеудің практикалық маңыздылығын құрай отырып, дискурс саласындағы зерттеулерге қызығушылық танытатын студенттерге. жас ғалымдарға көмекші құрал бола алады.