БЕЙВЕРБАЛДЫ КОММУНИКАЦИЯ ӘДІСТЕРІНІҢ ПОЭТИКАЛЫҚ ДИСКУРСТА КӨРІНІС ТАБУЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.017Кілт сөздер:
поэзия, поэтикалық дискурс, вербалды коммуникация, бейвербалды коммуникация, просодия, просодикалық ерекшеліктер, проксемика, кинесика, графемикаАннотация
Мақаланың мақсаты – поэтикалық дискурстағы бейвербалды коммуникация құралдарын қолданудың мәнін ашу. Соңғысы, паралингвистикалық амалдармен айшықталған перформативті актілер жиынтығы ретінде сипатталады. Бейвербалды қарым-қатынас әдістері екі жақты талданады: біріншіден, өлеңнің өзінің графикалық және просодикалық ерекшеліктері ескеріледі (миметикалық паратіл); екіншіден, өлеңде сипатталған үнсіздік, кідіріс, тоқтау, қалып, мимика талданады (диегетикалық паратіл). Бұл мәселелерді шешу үшін стилистикалық, семантикалық және аудиторлық талдау әдістері қолданылады. Зерттеудің басты жаңалығы мынада: бұл жерде өлең ішкі және сыртқы форманың бірлігі: мәтін мен оны бейнелеу тәсілінің бірлігі ретінде суреттеледі. Өлең мәтініндегі паралингвистикалық элементтердің лексикалық бейнеленуімен бейвербалды қарым-қатынас құралдары, оның ішінде просодия мен графемика тоғысады. Мұндай тоғысу көркем образ жасау үшін қажет. Осылайша, қазіргі ағылшын поэзиясы көп жағдайда рифма мен ырғақсыз болып келіп, мәтінді көру және есту арқылы қабылдауға, сондай-ақ мәтінде орналастырылған жасырын ақпаратқа тәуелді екендігі анықталды. Одан әрі поэманың көркем бейнесінің просодикалық көрінісін жан-жақты зерттеу де көзделеді. Бұл зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы оның нәтижелерін оқу процесіне қолдану және тиісті тақырып бойынша әрі қарай ғылыми зерттеулер жүргізуде.