ОРТА ҒАСЫР ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ АЗЫҚ-ТҮЛІК АТАУЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨРІСІ

Автор(лар)

  • Сабыр М.Б. Западно-Казахстанский инновационно-технологический университет
  • Раманова А.А.
  • Кусаинова Д.Ж.
  • Ахметов Т.Р.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.4.75.014

Кілт сөздер:

көне қыпшақ тілі, орта түркі тілі, қыпшақтану, Алтын Орда, лингвомәдениеттану, лингвомәдениеттанымдық бірлік, қымыз, құрт, сарқыт

Аннотация

Мақалада он төртінші ғасырдағы Алтын Орда жазба ескерткіштерінде кездесетін азық-түлік өнімдерінің атауларына лингвомәдени аспектіде талдау жасалған. Зерттеудің мақсаты – орта ғасыр жазба ескерткіштерінде және қазіргі қазақ тілінде кездесетін азық-түлік өнімдерінің ортақ атауларын саралау. Мақаланың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы тіл мен ұлттық мәдениеттің сабақтастығына арқа сүйей отырып, азық-түлік атауларын лингвомәдени аспектіде жан-жақты зерттеуінде.

Зерттеу барысында Алтын Орда дәуірінде пайда болған он төртінші ғасыр жазба ескерткіштері, атап айтқанда ірі ақын-жазушылар Құтб, Сейф Сарайи, Хорезми, Махмуд бин Али мұралары тіліндегі азық-түлік өнімдерінің атаулары ғылыми-әдіснамалық тұрғыда талданған. Орта ғасыр жазба ескерткіштерінде кездесетін азық-түлік өнімдері атауларының этномәдени сипаты ашылды.

Бүгінгі таңда лингвомәдениеттану саласында дамып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі – тілді белгілі бір этностың мәдениетімен ажырамас байланыста зерттеу. Азық-түлік өнімдерінің атаулары қарапайым белгілер жүйесі емес, ұлттық мәдениеттің көрсеткіші. Халықтың ұлттық болмысын, этникалық ерекшелігін, сондай-ақ мәдени дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын барынша айқын көрсететін азық-түлік атаулары, ұлттың тамақтану мәдениетінен хабар береді. Мақалада жазба ескерткіштерінде кездесетін азық-түлік атаулары кесте түрінде берілген. Терең талдау нәтижесінде азық-түлік атауларының 90 пайызы қазіргі қазақ тілінде кездесетіні дәлелденді.

Ғылыми жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы сонау Алтын Орда дәуірінің жазба ескерткіштерінен бастау алған қазақ халқының сан ғасырлық мәдени мұрасына деген қызығушылықты арттыруымен айқындалады. Ал азық-түлік атаулары басқа салаларымен салыстырғанда материалдық мәдениеттің ұзағырақ өмір сүретін салаларының бірі болып табылады. Зерттеу нәтижелерін лингвомәдениеттану, лингвистика, мәдениеттану, этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика, когнитивтік лингвистика, этнопсихолингвистика салалары бойынша жоғары оқу орындарында арнайы курстар оқытуда пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles