XVII-XIX ҒҒ. РЕСЕЙ-ҚЫТАЙ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕ МАРКЕРЛЕРІ

Автор(лар)

  • Степанов Е.Н.
  • Степанова С. Е.²

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.018

Кілт сөздер:

әлеуметтік мәртебе, вербалды маркер, мәтін, дипломатиялық дискурс, лексема, тұрақты тіркес, Ресей-Қытай қарым-қатынастары, құжат

Аннотация

Мақала дипломатиялық құжаттардағы қатысушылардың әлеуметтік мәртебелерінің көрініс табу мәселесін зерттеуге арналған. Мақаланың мақсаты: XVII-XIX ғғ. Ресей-Қытай дипломатиялық құжаттарының негізінде Ресей-Қытай екіжақты ынтымақтастығы қатысушыларының әлеуметтік мәртебе маркерлерінің қызметін көрсету. Ресей-Қытай екіжақты келісімшарттарының мәтінін талдау нәтижелері тарихи оқиғалар мен сол оқиғаларға қатысушы тұлғаларды айқындап қана қоймай, халықаралық қатынас динамикасындағы орыс және қытай қоғамдарының эволюциясын да көрсетеді. Екі мемлекеттің дипломатиялық құжаттарын толыққанды талдау нәтижесінде әлеуметтік мәртебе маркерлерінің екі ғасыр бойына осы ынтымақтастық мүшелері болған тұлғаларды ғана емес, екі мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, мәдени және политикалық дамуындағы эволюциялық үрдістерді және олардың мемлекеттік құрылымын да көрсететіндігі анықталды. Мақаланың теоретикалық және практикалық маңызы мынада: зерттеу нәтижелерін жалпы тіл білімі, лексикология және политикалық дискурсты зерттеуге қатысты басқа да пәндерді оқыту барысында қолдануға болады. Жинақталған лексикалық материалды, сонымен қатар, политикалық терминология бойынша сөздіктер құру кезінде қолдануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи