ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДА НЕЙРОҒЫЛЫМДЫ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.3.74.025Кілт сөздер:
қазақ тілін үйрету, екінші тілді оқыту, тіл үйрету, қазақ тілі, қазақ тілі екінші тіл ретінде, нейроғылым, нейроғылым стратегиялары, ми қызметі, есте сақтауАннотация
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту және тіл үйрену Қазақстандағы басты мемлекеттік мәселелердің бірі болып саналады. Қазіргі шынайы жағдайда қазақ тілінде сөйлемейтін азаматтарға қазақ тілін оқытудың тиімді тәсілдері мен әдістері қажет. Сол себепті мұғалімдер мен оқытушылар қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың түрлі жолдарын қарастыруда. Өйткені қазіргі уақытта қазақ тілін оқытудың озық, заманауи әдістерін қолдану негізінде жасалған зерттеулердің аз екендігін байқадық. Сондықтан қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда нейроғылымды қолдану маңызды. Зерттеу мақаламыздың мақсаты – ми қызметі мен есте сақтау ерекшеліктерін зерттейтін нейроғылымды және қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесін байланыстыру. Мақалада нейроғылым негіздері және олардың негізгі тұжырымдамалары көрсетілген. Аталған мақалада ересектерге қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту бойынша жүргізілген тәжірибе нәтижелері талданады. Нейроғылым тұжырымдамалары мен стратегияларына сүйене отырып, тәжірибе ретінде ересектерге қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту курсын өткіздік. Курс соңында білім алушылар Қазтест жүйесі бойынша қорытынды тестілеуден өтті. Курс барысында және соңында қорытынды тестілеуге байланысты арнайы дайындық жасалмады. Тәжірибе нәтижесі нейроғылыми тұжырымдамалар мен стратегиялардың тиімді екендігін көрсетті. Тәжірибе курсының нәтижелері негізінде қазақ тілін үйрету курсын ми қызметінің толық түсіндірмесін қамтитын нейроғылым арқылы қалыптастыру тиімді деп айта аламыз. Бұл мақалада жүргізілген тәжірибе нәтижелері қазақ тілі оқытушылары мен мұғалімдерінің өз әдістемесін оңтайландыруға және білім алушыларға тілді тиімді үйренуге мүмкіндік береді.