ФИЛЬМ АУДАРМАСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІЛЕРІ

Автор(лар)

  • К.Д. Айдарбек Казахский Университет Международных Отношений и Мировых Языков имени Абылай Хана
  • А. Ислам

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.73.2.015

Кілт сөздер:

киноаударма, лингвистикалық және мәдени аспектілер, пәнаралық тәсіл, мәдени маркерленген бірліктер, мәдени реалийлер, аударманың бейімділігі, аударма әдістері, аударманың барабарлығы

Аннотация

Бұл ғылыми зерттеу кинематография форматындағы мәдени бай тарихи романдардың мазмұнын барабар аудару қажет болған кезде туындайтын қиындықтарға назар аудара отырып, киноаударманың лингвистикалық-елтанымдық аспектілерін жан-жақты талдауға арналған. Киноаударма мәдени және ұлттық  танымды жаңғыртуды, сондай-ақ тілдік кедергілер арқылы ұлттық танымдық сипатты анық көрсетуді қамтитын көп деңгейлі процеске сүйене отырып, диалог мазмұнын қарапайым түрде жеткізу шекарасынан асып түседі.

 Аударма жұмысы барабар лексиканы таңдаудан бастап мәтінді терең бейімдеуге дейінгі көптеген міндеттерді қамтиды, олардың әрқайсысы түпнұсқаға адалдық пен мақсатты аудиторияны түсінуге қол жетімділік арасындағы мұқият тепе-теңдікті қажет етеді. Лингвистика, мәдениеттану және киноаударма теориясынан алынған білімді қамтитын аударма процесінде пәнаралық тәсілді қолдану тілдік және мәдени ерекшеліктерді терең түсінудің кілті болып табылады, бұл әртүрлі кинематографиялық жанрлардағы хабарламаларды сәтті бейімдеу және беру үшін өте маңызды.

 Тақырыптық зерттеулер семантикалық мазмұнды да, эмоционалдық қанықтылықты да сақтауда лингвистикалық және мәдени дәлдікті көрсете отырып, әртүрлі кинематографиялық мәнмәтінде әзірленген әдістердің практикалық маңыздылығын растайды. «Даунтон аббаттығы» көркем сериялының ерекшеліктеріне аудармалық талдау жүргізу мәдени маркерленген сөздерді аударудың күрделілігі тек терең лингвистикалық білімді ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени  мәнмәтінді жан-жақты түсінуді қажет ететіндігін көрсетеді. Осы тұрғыда әртүрлі аударма әдістерін қолдану британдық ұлттық менталитеттің сипаттамаларын дәл жеткізу үшін қажет.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-27

Жоба

Раздел

Статьи