ҚАЗІРГІ ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ КӨПТІК МАҒЫНАНЫ БІЛДІРЕТІН “们” ЖҰРНАҒЫНЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ БЕЛГІ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ ЭТНОМӘДЕНИ ТАНЫМДЫҚ НЕГІЗІ

Автор(лар)

  • Турсынали Ж. КазУМО иМЯ им.Абылай хана
  • Джельдыбаева Р.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.018

Кілт сөздер:

қытай тілі, семантика, синтаксис, морфология, 们жұрнағы, грамматика, иероглифі, этномәдениет, таным

Аннотация

Морфологиялық көрсеткіш ретінде қытай тіліндегі сан-мөлшер категориясынан көптік грамматикалық мағынаны білдіретін “们”жұрнағының болуы қытай тіліндегі ерекше құбылыс ретінде қытай тілін зерттеушілердің назарынан тыс қалмады. Дегенмен әлі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Қытай тілінде“们”жұрнағы көптік грамматикалық мағынаны білдіреді. Бірақ бұл жалпылық құбылыс емес, тек есімдіктер мен адамды білдіретін зат есімдердің соңынан келіп көптік грамматикалық мағына береді. Сөздері тұлғалық өзгеріске ұшырамайтын қытай тілі үшін бұл ерекше құбылыс ретінде оның қалай қалыптасқанына тіл зерттеуші ғалымдар түрлі дәлелдер келтіріп тұжырымдар жасады.

Бұл мақалада Қазіргі қытай тіліндегі көптік мағынаны білдіретін “们” жұрнағының грамматикалық белгі ретінде қалыптасуын тарихи этномәдени танымдық тұрғыдан қарастырған. Сонымен қатар Қытай тіліндегі есімдіктің көпше түрін диахрондық тұрғыдан қарастыра отырып, “们”ның сөзге көптік грамматикалық мағына үстейтін жұрнақ қызметіне ауысу үдерісін сараптау арқылы “们” жұрнағының қалыптасуының “门Mén” иероглифімен байланысын дәлелдеуге тырысқан.

Қытай тіліндегі көптік мағынада қолданылатын们Men жұрнағының грамматикалық белгі ретінде қалыптасуы қытай ұлтының этномәдениетінен дерек беретін мәдениет концептінің бір бөлігі болып қалыптасқан门Mén (есік) иероглифінің ауыспалы мағынасымен (отбасы, әулет) тікелей байланысты. Сонымен қатар қытай иероглифтерінің ішкі заңдылығына сәйкес, оған 人 (адам) , «адам» кілті “ ”қосылып жазылуы қытай иероглифінің жасалу заңдылығына сай  құбылыс деуге болады. Қытай тілінің ішкі заңдылығына сай, құрылымдық синтаксистік тұрғыдан қарастырғанда да, уақыттың өтуімен 门ның 我门 секілді сөздердегі айқындалушы компоненттік функциясы солғындап, сөзге көптік грамматикалық мағына үстейтін жұрнақ қызметіне ауысқандығын, грамматикалық сипатқа ауысу үдерісінен өткенін байқауға болады.

 

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи