ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ПОЭЗИЯСЫ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ БІР САЛАСЫ

Автор(лар)

  • Бүркітбаева Ш.Д. UNIVERSITY OF ISTANBUL

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.023

Кілт сөздер:

Тәуелсіз Қазақстан, түркі халықтары, Қазақстан халқы әдебиеті, кезеңдері, поэзия, әдеби тұлғалар

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстан халқы әдебиетінің бір саласы болып табылатын Қазақстандағы түркі халықтары поэзиясы туралы баяндалады. Сондай-ақ, Тәуелсіз Қазақстандағы түркі халықтары әдебиетінде байырғы заманғы әдеби үрдіс ұлттық және жалпытүркілік дәстүрлер тоғысуы жағдайында жалғасқандығын сөз етеді. Қазақстандағы ахыска түріктері, өзбек, ұйғыр, татар ақындарының барлығы да дәстүрлі лирикалық және эпикалық жанрлардағы шығармашылық үдерісті дамыта жалғастырғаны айқын.

Мақаланы жазудағы басты мақсат елімізде өмір сүріп жатқан түркі халықтары ішінен ахыска түріктері, өзбек, ұйғыр, татар поэзиясының даму барысын зерделеп, кезеңдерге бөліп, әдеби тұлғаларын анықтап, ғылыми айналысқа түсіру, Қазақстан халқы әдебиетінің бір саласы ретіндегі орнын белгілеу. Қазіргі заманғы Қазақстандағы түркі халықтары поэзиясы біздің бүгінгі өмір сүріп отырған шынайы өмірімізді бейнелейтіндігі, ұлттық болмысымыздан хабар беретіндігімен бағалы. Елімізде, жалпы дүниежүзінде болып жатырған күрделі өзгерістерді, жаңа ғасырдағы жаңалықтарды дұрыс бағалай білу қажеттігі қазақ әдебиеті құрамында бағаланатын түркі халықтары ақындарына да тән екендігі сөз болады. Поэзиядағы ұлттық ерекшеліктер баяндалады.

Тақырыпты зерттеуде ішкі саясат, әдебиеттану, мәдениеттану, диаспора мәселелерін зерттеудің (контент-анализ) әдіснамалары негізге алынды. Атап айтқанда жүйелік, тарихи тәсіл, объективтілік принциптері, тарихи-салыстырмалы, тарихи-типологиялық, теориялық талдау, сипаттау сияқты әдістер қолданылды.

Мақаланы жазу барысында еліміздегі аталмыш түркі халықтары ахыска түріктері, өзбек, ұйғыр, татар диаспораларының республикалық, облыстық, қалалық, аудандық мәдени орталықтарымен жұмыс жасалынды. Жоғарыда аталып өткен орталықтармен тығыз байланыс құру нәтижесінде мол мағлұматтар жиналды. Дереккөз ретінде негізінен ақындардың өз туындылары қолданылды.

Мақаланы жоғарғы оқу орындарындағы Қазақстан халқы әдебиеті пәнінен қосымша оқу құрал ретінде пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи