КОММЕНТАРИЙ КОММУНИКАТИВТІ ӘРЕКЕТТІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.73.2.008Кілт сөздер:
комментарий, коммуникация, сөйлеу әрекеті, типі, дискурс, интерпретация, баға, полемикаАннотация
Мақалада екінші реттік коммуникативті әрекеттің типі – комментарий қарастырылады. Мақаланың мақсаты – комментарийлердің кейбір дискурсивті түрлеріне сипаттама беру (күнделікті, ғылыми, заңды, діни, интернет желісіндегі) және олардың белгілі бір дискурсивті спецификасын анықтау. Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, күнделікті дискурста комментарий негізінен айқындау, сөйлеушінің жеке позициясын көрсету мақсатында қолданылады. Ғылыми дискурста комментарий автор пікірін дәлелдеу, сыни баға беруге саяды, бұл бағаның өзі сыйлы түрде жеткізіледі. Заңды дискурста комментарийлер құқық ортасында қолданылатын белгілі бір ұғымдарды анықтау және нақтылау үшін жазылады. Діни дискурстағы комментарийлер киелі мәтіндерді интерпретациялау мақсатында жазылады. Интернет желісі дискурсындағы комментарийлер белгілі бір жарияланымға қатысты сыни пікірді білдіреді, ал жарияланымға жазылған жауаптар полемикалық диалог құрады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы келесіде: комментарийдің төрт типінің нақты ерекшеліктері анықталды. Комментарийді зерттеу сөйлеу жанрлары теориясын, мәтін және дискурс теориясын, прагмалингвистиканы дамытуға септігін тигізеді.