ПИТЕР АКРОЙДТЫҢ “THAMES: SACRED RIVER” ӘДЕБИ-ЕЛТАНУ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ФАКТІГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМДЕРДІ ЕКІНШІ РЕТТІК ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.4.75.021Кілт сөздер:
әдеби-елтану жанры, антропоцентрлік парадигма, когнитивтік лингвистика, тілдік интерпретация теориясы, интерпретация түрлері, функциялары, когнитивтік модельдері мен механизмдері, тілдік құралдарыАннотация
Мақала Питер Акройдтың «Thames: Sacred River» әдеби-елтану шығармасының “The workers of the river” тарауын талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты – антропоцентристік мәннің көрінісі ретінде әлемді және әлем туралы білімді тілдік интерпретациялау теориясы шеңберінде, коллективті және жеке білімнің интеграциясына негізделген жанрлық гибридті құру жолын негіздеу. Зерттеудің өзектілігі әдеби шығармаларды әдебиеттану, когнитивтік лингвистика және мәтін лингвистикасы тұрғысынан зерттеудің пәнаралық байланысымен байланысты. Ғылыми жаңалық – әдебиеттегі жаңа түрдегі жанрлық гибридтің қалыптасу механизімін түсіндіруде когнитивтік лингвистиканың әдістемесін тиімді қолдануында.
Зерттеу әдістері концептуалды және лингвостилистикалық талдау, сонымен қатар жеке мәтін категорияларын талдау болып табылады.
Зерттеудің негізгі нәтижесі әдеби-елтану жанры мағынаны қалыптастыратын тиісті когнитивті және тілдік модельдердің көмегімен, сондай-ақ оларды тілде репрезентациялау құралдарын қолдана отырып, әлем туралы фактіге негізделген ақпаратты автордың екінші реттік интерпретациялау процесінде жасалады. Питер Акройдтың өзен жұмысшылары туралы коллективті ақпаратқа деген өзіндік көзқарасы мен түсінігі қосымша интерпретациялық мағыналар туғызды және өзен еңбек нарығының қалыптасуының арқасында аймақ пен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының шешуші факторы ретінде, 18-19 ғасырларда Англияда Темза маңында алғашқы өнеркәсіптік-саудагер халықтың қалыптасуы, жағалау аймағының урбанизациясы және өзен жұмысшыларының әлеуметтік-мәдени типтерінің қалыптасуы THAMES концептісінің мазмұнын кеңейтті.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы нәтижелерді әдебиеттану, когнитивтік лингвистика, мәтін лингвистикасы, стилистика бойынша әртүрлі теориялық курстарда, сонымен қатар мәтінді түсіндіру бойынша тәжірибелік семинарларда пайдалануға болады.